Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Елорданың Қазыбек би көшесінде орналасқан жаңа жайлы мектептің салтанатты ашылуы өтті. Ата-аналар мен оқушылар заманауи білім ошағын аралап, оның мүмкіндіктерімен танысуға мүмкіндік алды. Мектептің құрылысы 2024 жылдың соңында аяқталып, жаңа жыл қарсаңында дайын болды. Бүгін білім ордасы алғаш рет өз есігін шәкірттеріне ашты.
Білім ордасын «Integra Construction KZ» компаниясы салды. Бір ауысымда 2000 балаға шақталған мектепке қазірдің өзінде 500-ден астам оқушы қабылданды. Оқу орнының педагогикалық және техникалық қызметкерлер құрамы толық жасақталған.
Ашық есік күні аясында ата-аналар мен балалар мектепті аралап қана қоймай, шеберлік сағаттарына қатысып, мектеп асханасынан дәм татты. Қонақтар жаңа ғимараттың мүмкіндіктеріне жоғары баға беріп, оң пікірлерін жеткізді.

Жаңа мектеп ұлттық жобаның барлық талаптарына сай тұрғызылған. Мұнда 96 оқу кабинеті бар, оның ішінде робототехника, хореография, логопед, сенсорлық және инклюзия кабинеттері ерекше назар аудартады. Сонымен қатар, мектепте екі шағын және екі үлкен спорт залы, заманауи асхана, оқушыларға арналған толықтай жиһазбен жабдықталған оқу кеңістіктері қарастырылған. Балалар қауіпсіздігі үшін заманауи өртке қарсы жүйелер мен бейнебақылау камералары орнатылған.
«Бүгін ұлттық жоба аясында салынған мектебіміздің ашылу рәсімін өткіздік. Мектеп заманауи технологиялармен толық жабдықталған. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арнайы сенсорлық және инклюзия кабинеттері бар. Мектепте буллингтің алдын алу шаралары да қарастырылып, бастауыш және жоғары сынып оқушыларына бөлек блоктар бөлінген. Бұл жобаға қолдау көрсеткен ел президентіне алғысымызды білдіреміз», — деді мектеп директоры Рауан Зарипқызы.

Айта кетейік, ұлттық жоба аясында Samruk-Kazyna Construction елордада бір ауысымда 41 200 оқушыға арналған 22 мектептің құрылысын басқаруда. Оның 16-сы 2024 жылы аяқталып, пайдалануға берілді. Қалған 6 мектептің құрылысы 2025 жылдың соңына дейін толықтай аяқталады.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
49
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
57
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы