Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамының бас директоры Жәнібек Тайжанов биыл Алакөлге баратын туристерге неше пойыз қызмет көрсететінін айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат.
«Жазғы кезеңге жолаушы тасымалдайтын 1930 вагон дайындап қойдық. Биыл жазда қосымша 6 жазғы маршрут ұйымдастырамыз. Негізгі бағыттар, әрине, Алакөлдегі курорттық аймақтарды дамыту. Біз тиісті министрліктермен, Kazakh Tourism және «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен, сондай-ақ, туристік агенттіктермен бірге туристік аймақтарды дамыту бағытында нақты жұмыс жүргізіп келеміз. Соның ішінде Алакөл бойынша жыл сайын туризм маусымы басталғанға дейін және аяқталғаннан кейін кеңес өткізіп, бүкіл болған кемшіліктер мен талап-тілектерді талқылаймыз», – деді «Жолаушылар тасымалы» АҚ басшысы.
Компания биыл сол өтініштерді ескеріп Астанадан Алакөлге жүрдек пойыз шығармақшы.
«Былтырғы маусым қорытындысы бойынша біздің туристік компаниялар мен жолаушылар тарапынан Астана қаласынан Алакөл бағытында «Тальго» пойызы қатынаса деген тілек болған. Биыл біз сол тілекті орындаймыз. Жазғы кезеңде Астанадан Алакөлге «Тальго» пойызы қатынайды. Жалпы Алакөл бағытында 11 маршрут жоспарланған. Астанадан қатынайтын 3 маршруттың біреуі «Тальго» пойызы болады. Алматыдан қатынайтын 5 маршруттың екеуі «Тальго» пойызы болады. Шығыс Қазақстан облысынан 2 пойыз, Абай облысынан 1 пойыз қатынайды», – деді Жәнібек Тайжанов.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
239
06 мая 11:49
АлЭС: Живые встречи - реальные перспективы