Главная Новости Астанадан Алакөлге «Тальго» пойызының алғашқы рейсі жолға шықты
19 маусым 2023, 10:20 558

Астанадан Алакөлге «Тальго» пойызының алғашқы рейсі жолға шықты

Астанадан Алакөлге «Тальго» пойызының алғашқы рейсі жолға шықты Фото: Александр Жабчук

Биыл 15  маусымда елордадан Алакөл курортты аймағы бағытында «Астана-Достық» №257/258 бағдары бойынша алғашқы пойыз жөнелтілді.  

Пойыз аптасына екі рет: астанадан – жексенбі, бейсенбі сайын, Достық станциясынан – дүйсенбі және жұма сайын қатынайды. Пойызға 346 жолаушы сияды.  

Бағдардың Астанадан Алакөлге дейінгі ұзындығы 1399 км.  Пойыз жолда - 21 сағ. 45 мин.жүреді. «Тальго» пойызы Алакөлге жетудің оңтайлы жолы. Вагондар  ауа желдеткіш,биодәретхана,розеткамен жабдықталған. Жолаушылар үшін vputi.kz мультимедиялық ойын-сауықтық порталы қолжетімді. Пойызда ерекше қажеттілігі бар жандар үшін гранд класындағы вагондар, вагон-бар және вагон-мейрамхана қарастырылған. Билет құны вагон класына қарай  17 мың теңгеден басталады.

Ал оңтүстік астанадан Алакөлге дейін «Тальго» вагондарынан құралған екі жолаушылар пойызы қатынайды:  

-  №211/212 «Алматы-Достық» (346 жолаушылар орны бар) күнара: Алматыдан - жұп күндері, Достықтан - тақ күндері;

-   №253/254 «Алматы-Достық» (276 жолаушылар орны) күнара: Алматыдан - тақ күндері, Достықтан - жұп күндері. 

Алматы мен Достықтың арасы  846 км жол, жолға кететін уақыт – 17 сағ.35 мин.  Билет құны 11 мың теңгеден басталады.  

«Тальго» пойыздарының арнайы орындарына ерекше қажеттіліктері бар жандар үшін жол жүру құжатының жалпы құнынан 70% жеңілдік қарастырылады. Билеттерді кассадан немесе https://bilet.railways.kz сайты арқылы комиссиясыз сатып алуға болады.    

Сонымен қатар Алакөл бағытында жазғы мезгілде 8 бағдар бойынша жолаушылар пойыздары қатынайды:

● №53/54 «Астана-Достық» пойызы (тасымалдаушы «Жолаушылар тасымалы» АҚ );

●  №122/6941/6942/121 «Астана-Достық» пойызы(жеке тасымалдаушы «АрайТрансКЗ» ЖШС);

● №221/222 «Алматы – Достық» пойызы (тасымалдаушы  «Жолаушылар тасымалы» АҚ);

● №22/6941/6942/21 «Алматы – Достық» пойызы (тасымалдаушы «Жолаушылар тасымалы» АҚ);

● №337/338 «Алматы – Достық» пойызы (жеке тасымалдаушы «Vagon Service Almaty» АҚ;

●  №457/458 «Семей – Достық» пойызы (тасымалдаушы «Жолаушылар тасымалы» АҚ);

● №459/460 «Өскемен – Достық» (тасымалдаушы «Жолаушылар тасымалы» АҚ);

●  №6941/6942 «Ақтоғай – Достық» қала маңы пойызы (тасымалдаушы «Жолаушылар тасымалы» АҚ).

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: