Главная Новости Астананың 25 жылдығына орай Теміржолшылар паркіне ағаш отырғызылды
18 тамыз 2023, 14:00 1071

Астананың 25 жылдығына орай Теміржолшылар паркіне ағаш отырғызылды

Астананың 25 жылдығына орай Теміржолшылар паркіне ағаш отырғызылды

«Жолаушылар тасымалы» АҚ елорданың 25 жылдығына орай Астанадағы Теміржолшылар саябағы мен «Нұрлы жол» вокзал кешені маңына ағаш отырғызды.

Алдымен жақында ғана «Салтанат қақпасы» монументінің жанынан ашылған Теміржолшылар саябағына «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директоры Жәнібек Тайжанов бастаған компания қызметкерлері жиналып, қайың ағашын отырғызу акциясына қатысты.  

– Бас қаламыздың мерейтойына орай біздің компания елорданы көгалдандыру және абаттандыру ісіне үлес қосу мақсатында осындай акцияны ұйымдастырды. Ағаш отырғызудан бөлек екі қапталы пойыз доңғалақтарынан жасалған, асты рельс үстінде тұрған орындықтар қойдық. Бұл біздің Теміржолшылар саябағының өзіне тән ерекшелігі болады. Бұл ерекше орындықтарды өзіміздің теміржол саласындағы жұмысшылар жасап шықты. Барша елордалықтар мен қазақстандықтарды Астананың ширек ғасырлық мерейтойымен тағы да құттықтай отырып, тұрғындарды қаламызды таза ұстауға шақырамын. Осындай саябақтар көбейіп, тұрғындарымыздың жайлы демалуы үшін қолайлы жағдай жасала беруі керек, – деді Ж.Тайжанов.  

Бұдан соң теміржолшылар «Нұрлы жол» вокзал кешені маңына да 28 түп қайың ағашын отырғызып, акцияны аяқтады.  

Еске сала кетсек, «ҚТЖ» ұлттық компаниясы Көлік қызметкерлері күні қарсаңында елорда тұрғындары мен қонақтарына «Салтанат қақпасы» монументінің жанынан жаңа шағын гүлзарды сыйға тартқан болатын. Оның ашылу салтанатына қала әкімі Жеңіс Қасымбек пен «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев қатысқан.  

Райхан Рахметова

Дереккөз: "Қазақстан теміржолшысы"

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: