Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Ембімұнайгаз» АҚ корпоративтік мәдениетті нығайтуға бағытталған Асыл жүздік» жобасын өткізді. Компанияның өндірістік-құрылымдық бөлімшелерінің жүз қызметкерінің басын қосқан іс-шара осымен екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр.
Бағдарлама «Мен», «Біз», «Бір» принципіне негізделген үш кезеңнен құралды. Бірінші бөлімде қоғам қайраткері Айдын Ізбасар өзара көмек пен сенімнің негізі ретіндегі «Асар» дәстүрі туралы тренинг өткізді. Одан кейін корпоративтік чемпионат өтіп, қатысушылар он командаға топтасып, эрудиция, стратегиялық ойлау және бірлесе жұмыс істеу қабілеттерін шыңдап, интеллектуалдық және спорттық сайыстарда бақ сынады.
«Бір. Қуатты ұжым» атты қорытынды кезең бірліктің, бірін-бірі шынайы қолдаудың нәтижесінде біртұтас командалық рухтың қалыптасатынын көрсеткен шығармашылық бағдарламалар форматында өтті. Чемпионат қорытындысы бойынша: бірінші орынды – «Қайрат», екінші орынды «Қыран» және үшінші орынды – «Жігер» командалары жеңіп алды.
Сондай-ақ, қатысушылар өз араларынан ортақ іске ең көп үлес қосқан 10 әріптестерін таңдады. Үздік деп танылғандарға арнайы марапаттар табысталды. Соңғы түйін ретінде бірлік пен компания болашағы үшін ортақ жауапкершіліктің символы ретінде ортақ гимн шырқалды.
«Ембімұнайгаз» АҚ Бас директорының кадр және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Қайрат Әбенов жеке дамуға, кәсіби өсуге және көшбасшылық қасиеттерді ашуға мүмкіндік жасау әрбір қызметкерді ғана емес, тұтас компанияны нығайтып, жоғары өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізуге тікелей ықпал ететінін атап өтті.
«Асыл жүздік» жобасы «Ембімұнайгаз» АҚ-ның басты күші – оның адамдары, олардың кәсібилігі, жауапкершілігі мен өз ісіне адалдығы екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
286
06 августа 20:27
307 женщин в Мангистау успешно завершили образовательную программу от «Самрук-Қазына»
198
06 августа 11:01
«Самұрық-Қазынада» қызметкерлердің денсаулығын қорғаудың жаңа тәсілдері талқыланды