Главная Новости Атырау жастары мыңға жуық оқушыға кәсіби бағдар бойынша кеңес берді
04 қараша 2024, 12:01 372

Атырау жастары мыңға жуық оқушыға кәсіби бағдар бойынша кеңес берді

Атырау жастары мыңға жуық оқушыға кәсіби бағдар бойынша кеңес берді

Кәсіби бағдар - өскелең ұрпақтың болашаққа бастар басты қадамының бірі.

Жасөспірімдердің көпшілігі 9-сыныптан кейін ғана болашақ мамандық туралы алғаш рет байыпты ойлай бастайды. Жоғарғы сынып оқушыларының ішінен:

  • шамамен 15-20%-ында ғана кім болғысы келетіні туралы нақты түсінік бар, бірақ болашақ мамандығы туралы түсінік жоқ.
  • қалған 80-85% -ы мамандық таңдау керек екенін біледі. Бірақ қай саланы таңдарын, жалпы нарыққа керек,  болашақта маңызы бар мамандықтар туралы білмейді.

Осы мәселені ескеріп, «Самұрық-Қазына» АҚ жастар кеңесінің 2024 жылғы іс-шарасына «Профориентациялық жұмыс» бекітілген болатын.

2024 жылдың ақпан айынан бастап «Самұрық-Қазына» АҚ Атырау облысы бойынша жастар кеңесінің өңірлік төрағасы Бибігүл Серікбайқызы «Isker Talks» болашаққа жол бастар» жобасын бастап қолға алды.

«Самұрық-Қазына» АҚ Атырау жастарының ішінен білікті мамандарды шығарып, мектеп оқушыларымен кездесулер ұйымдастыра  бастадық. Кездесудің негізгі мақсаты: 9,10,11 сынып оқушыларына техникалық мамандықтарды жете түсіндіру. Бүгінге дейін жоба аясында Атырау қаласындағы 1000-ға жуық оқушы техникалық салалар бойынша кәсіби ақпарат алды.

Қазіргі таңда қамтылған негізгі бағыттар:

  • Энергетика
  • Химия
  • Мұнай саласы
  • Темір жол саласы
  • Автоматика
  • IT саласы
  • Қауіпсіздік техникасы

Біздің тұрақты спикерлеріміз: «Самұрық-Қазына» АҚ қарасты еншілес компаниялардың жас мамандары. Энергетика саласы бойынша тұрақты спикеріміз «Ембімұнайгаз» АҚ «Ембімұнайэнерго» басқармасының электромонтеры Котов Алексей, мұнай саласы бойынша Жайықмұнайгаз МГӨ басқармасының мұнай өндіру шебері Әділбекұлы Дастан, химия саласы бойынша Сауенова Дана. Автоматика саласы бойынша «Қазтрансойл» АҚ Атырау мұнай құбыры инженер-метрологы Досмухамбетов Аманжол, инженер химигы Мұқанов Гүлшат. Жалпы темір жол саласы бойынша «Атырау жол бөлімшесі» филиалының персоналмен жұмыс жасау басшысы Тарихов Ерлан.

Алдағы уақытта экология, геология, құрылыс, логистика, атом энергетика салаларын қамту жоспарда бар. Сонымен қатар, аудан, ауыл оқушыларына шығуды жоспарлап отырмыз. ЖОО түлектерінің шашамен 80%-дан астамы алған мамандықтары бойынша жұмыс жасамайды. Ал бұл кем дегенде 5 жыл дұрыс инвестицияланбаған уақыт және өзі түсінбеген мамандыққа кеткен қаражат. Кәсіптік бағдар беру бұл тек дұрыс кадрларды дайындау, нарыққа алдағы уақытта керек мамандар туралы ақпарат және оқушылардың тілектерін жүзеге асыру ғана емес, болашақта жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеу деп санаймын.

Профориентациялық кездесуді ұйымдастыруда қолдау білдірген Атырау Ішкі Саясат басқарма басшысының орынбасары Айгерім Жардемқызы, Жастар ресурстық орталығының басшыс Мансия Сағидоллақызы.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: