Главная Новости Атырау қаласында газ сепарациялау кешеніне арналған пропан буллиттерін өндіру басталды
02 ноября 2026, 12:15 61

Атырау қаласында газ сепарациялау кешеніне арналған пропан буллиттерін өндіру басталды

Атырау қаласында газ сепарациялау кешеніне арналған пропан буллиттерін өндіру басталды

«АтырауНефтеМаш» ЖШС алаңында салынып жатқан газ сепарациялау кешеніне (ГСК) арналған үш пропан буллитін өндіру басталды. Бұл – одан әрі тасымалдау алдында тазартылған пропанды қауіпсіз сақтауға арналған ірі габаритті сыйымдылықтар.

KMG PetroChem Басқарма төрағасы Диаз Диянов жұмыс тобымен бірге кәсіпорынға барып, буллиттерді дайындау жұмыстарының барысымен танысты.➡️

Бұған дейін кәсіпорынға жабдықтарды дайындауға қажетті табақ металдың толық көлемі жеткізілген болатын. Барлық металл табақтары инспекциядан және кіріс бақылауынан сәтті өтті.

▪️ Қазіргі уақытта кәсіпорында металл табақтардан буллит корпустарын дайындау бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде. Әр буллиттің ұзындығы 42,75 метрді, диаметрі 7,5 метрді, ал көлемі 1 808 текше метрді құрайды. Сонымен қатар отандық кәсіпорын базасында екі колоннаны – деэтанизатор мен депропанизаторды құрастыру мүмкіндігі де пысықталуда.

✅«АтырауНефтеМаш» ЖШС-мен ынтымақтастық кадрлар даярлау бағытын да қамтиды. Мұнай-газ саласының студенттерін оқытуға арналған Атырау мұнай және газ университеті оқу-өндірістік полигоны үшін оқу стендін дайындау жөніндегі келісім пысықталды. Стенд ГСК жобасында көзделген газды адсорбциялық әдіспен кептіру процесін ауа мысалында көрсетуге мүмкіндік береді. Алынған құрғақ ауаны зертхананың қажеттіліктеріне және полигондағы қондырғылардың жұмысын қамтамасыз ету үшін пайдалануға болады. Стендте жұмыс істеу арқылы студенттер университет қабырғасында жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету бойынша практикалық дағдыларды меңгере алады.									<div class=

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: