Главная Новости Атырау мұнай өңдеу зауыты жеңіл мұнай өнімдерін өндіру көлемін арттырады
20 қаңтар 2025, 13:34 996

Атырау мұнай өңдеу зауыты жеңіл мұнай өнімдерін өндіру көлемін арттырады

Атырау мұнай өңдеу зауыты жеңіл мұнай өнімдерін өндіру көлемін арттырады

Атырау облысына жұмыс сапары барысында «ҚазМұнайГаз» АҚ ҰҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Атырау мұнай өңдеу зауытында («АМӨЗ» ЖШС, ҚМГ-ның еншілес ұйымы) болды.

ҚМГ басшысы зауыттың өндіріс нысандарының техникалық жай-күйімен танысып, кәсіпорынның 2024 жылғы қорытындысы мен 2025 жылдың міндеттеріне арналған жиын өткізді. 

А.Хасенов өндірістік және экологиялық жобаларды жүзеге асыруды, сондай-ақ зауыттың кеңейтілген жөндеу аралық кезеңге көшуіне дайындықты жалғастырудың маңызын атап өтті. Жиында Атырау мұнай өңдеу зауытының шығынын азайту, өндіріс тиімділігін арттыру және тұрақты, қауіпсіз әрі үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету шаралары талқыланды.

Қызметкерлердің еңбек жағдайын жақсартуға және алдағы он жылда зауыттың инфрақұрылымын, соның ішінде әкімшілік-тұрмыстық кешендерді дамыту мәселесіне де ерекше көңіл бөлінді.

Жиын соңында ҚМГ басшысы зауыт басшылығына жеңіл мұнай өнімдерін шығару көлемін ұлғайтып, процестердің сенімділігі мен энергия тиімділігін арттыру бойынша жұмыстарды күшейтуді тапсырды.

Жалпы, 2024 жылы АМӨЗ 5,5 млн тоннадан астам мұнай өңдеді, бұл 2023 жылғы көрсеткіштен 70 мың тоннаға артық.

2024 жылдың 12 айындағы өндірістік көрсеткіштер:

  • автобензин – 1,65 млн тоннаға жуық өндірілді, жоспардан 120 мың тоннаға артық;
  • дизель отыны – 1,66 млн тоннаға дейін, 2023 жылмен салыстырғанда 50 мың тоннаға артық;
  • авиаотын – 188 мың тоннаға жуық, өсім 63 мың тонна;
  • сұйытылған мұнай газы – 213 мың тоннадан астам, 2023 жылғы көрсеткіштен 20 мың тоннаға артық.

Жеңіл мұнай өнімдерін шығару көлемі артып, 69,2%-ды құрады, ал өңдеу тереңдігі 85,1%-ға дейін жетті. Технологиялық отын мен шығын көрсеткіші 0,8%-ға төмендеп, 10,9%-ды құрады.

«Азаматтық қорғау туралы» ҚР Заңының талаптарына және Энергетика министрлігі бекіткен жоспар-кестеге сәйкес АМӨЗ-де 2025 жылы жоспарлы алдын-алу жұмыстары 1-25 қазан аралығына жоспарланған, ал ЭЛОУ АТ-2 технологиялық қондырғысында профилактикалық жұмыстар 31 қыркүйек пен 5 қараша аралығында жүргізілмек. 

2025 жылы Атырау мұнай өңдеу зауыты 80 жылдығын атап өтеді. Бұл мерейтой Мемлекет басшысы жариялаған «Жұмысшы мамандықтары жылымен» тұспа-тұс келді. Зауыт қолайлы жұмыс жағдайын жасауға бағытталған іс-шараларды жалғастырады, сондай-ақ кадрлардың біліктілігін арттыруға және өңір жастары арасында жұмысшы мамандықтарды насихаттауға ерекше көңіл бөлетін болады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: