Главная Новости Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры тағайындалды
10 апреля 2025, 11:45 1878

Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры тағайындалды

Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры тағайындалды

«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС («АМӨЗ»ЖШС) қатысушыларының кезектен тыс жалпы жиналысының шешімімен зауыттың Бас директоры (Басқарма төрағасы) қызметіне Бишімов Қуаныш Ердәулетұлы тағайындалды. Жаңа бас директорды кәсіпорын ұжымына «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Аппарат басшысы Алимұхаммед Құттұмұрат-ұлы таныстырды.

Қуаныш Бишімов әр жылдары кеден органдарында, ҚР Экономика және сауда министрлігінде, ҚР Индустрия және сауда министрлігінде, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің «Резерв»РМК-да жұмыс істеді. «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ Бас директоры, «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары, «Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы қызметтерін атқарды.

Бұл тағайындауға дейін «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС бас директоры болды. ҚМГ басшылығы Атырау мұнай өңдеу зауытының жаңа бас директорының алдына операциялық тиімділікті арттыру, жеңіл мұнай өнімдерін шығару көлемін ұлғайту, өндірістік процестердің сенімділігі мен энергия тиімділігі деңгейін арттыру, экологиялық жобаларды одан әрі іске асыру, 2025 жылы жоспарлы алдын алу жұмыстарын сапалы жүргізу және қызметкерлерге қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасау жөнінде нақты міндеттер қойды. Зауыттың тұрақты және үздіксіз жұмысының маңызы атап өтілді. 

 

 

 

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: