Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
22 қазан күні «Атырау облысындағы бірыңғай торапта магистральдық құбырларды (этан, пропан) салу» жобасы басталды. Жұмыстың басталуы алғашқы дәнекерлеу жігі арқылы іске қосылды. KMG PetroChem («ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның еншілес компаниясы) жүзеге асыратын жоба сұйытылған этан мен пропанды
Теңіз кен орнындағы Газды сепарациялау кешенінен Қарабатан «ҰИМТ» АЭА аумағындағы полиэтилен мен полипропилен өндіретін газ-химия кәсіпорындарына дейін сенімді, қауіпсіз әрі үздіксіз тасымалдауды қамтамасыз етеді. Бұл объектілер көмірсутектерді терең өңдеп, қосылған құны жоғары өнім шығаруға негіз болады.
Елімізде алғаш рет этан мен пропанды тасымалдайтын магистральдық құбырлар салынатын болады. Әрқайсысының ұзындығы шамамен 210 шақырым болады. Этан құбырының өткізу қабілеті жылына ~ 1,6 млн. тоннға, пропан құбырының өткізу қабілеті жылына — 1,1 млн. тоннаға жетеді. Бұған дейін Қазақстанда іске асырылып жатқан жобаның ерекшеліктерін ескере отырып әзірленген магистральдық этано - және пропан құбырлары үшін ТМД-дағы алғашқы техникалық регламент бекітілді.
Жобаны іске асыру барысында отандық жабдықтар мен материалдарды жеткізушілерді, мердігерлік және сервистік ұйымдарды, сондай-ақ білікті кадрларды тарту арқылы қазақстандық қамту үлесін ұлғайтуға ерекше назар аударылатын болады. Бұл жергілікті бизнеске және өндірістік кооперацияны дамытуға қосымша мүмкіндіктер ашады. Пропан құбырына арналған құбырлар өндірісі басталып кетті.
Техникалық шешімдер айдалатын сұйытылған этан мен пропанның ерекшеліктерін ескереді: екі МҚ үшін де төмен температурада пайдалану талаптарына сәйкес келетін көміртекті және қоспаланған болаттан жасалған жіксіз құбырлар қарастырылған. Құбырлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әрбір 5-10 км сайын автоматтандырылған бекіту арматурасы бар желілік кран тораптары сонымен қатар ағып кетуді анықтау жүйесі мен газ анализаторлары қарастырылған.
Жобаның әлеуметтік-экономикалық тиімділігі де айтарлықтай: құрылыстың шарықтау шегінде 1 300-ге дейін жұмыс орнын ашу жоспарланған. Атырау облысының тұрғындарын басым жұмыспен қамту Атырау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, «KMG PetroChem» ЖШС және мердігер «ЧППИ (Қазақстан)» ЖШС арасында қол қойылған үшжақты ынтымақтастық туралы меморандумда көзделген.
Құбырларды пайдалану кезеңінде шамамен 170 тұрақты жұмыс орны ашылатын болады. Объектілерді пайдалануға беру 2028 жылдың соңына жоспарланған. Жаңа инфрақұрылым мұнай-газ химиясы зауыттарының тұрақты жұмыс істеуіне және жалпы саланың одан әрі дамуына негіз болады.
Анықтама үшін: Жобаны «KMG PetroChem» ЖШС CITIC Construction Co., Ltd. және «ЧППИ (Қазақстан)» ЖШС қатысуымен China Petroleum Pipeline Engineering Co., Ltd. басқаратын халықаралық консорциуммен серіктестікте жүзеге асырады.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
282
20 октября 11:27
«Самұрық-Энерго» жел энергетикасындағы тәжірибесімен бөлісті
400
20 октября 11:12
Реабилитация рядом с домом: как работают центры Ainala в пяти регионах Казахстана