Главная Новости Атырау облысының Сағыз ауылында электр желілері жаңартылды
28 қыркүйек 2022, 08:35 1391

Атырау облысының Сағыз ауылында электр желілері жаңартылды

Атырау облысының Сағыз ауылында электр желілері жаңартылды

Олардың қатарында 1970 жылдары салынған «Қазақстан Темір Жолы» АҚ-ның ескі электр желілері бар.

Бұл туралы Қызылқоға аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Ерболат Иғали мәлім етті, деп хабарлады Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қызылқоға ауданына қарасты Сағыз ауылының №1, №2 және №3 мөлтек аудандарында 1970 жылдары салынған «Қазақстан Темір Жолы» АҚ-ның ескі электр желілері бар. Тозығы жеткен желілер электр энергиясына қажеттілікті толық орындай алмай, тұрмыстық техникалардың жиі істен шығуына себепкер болып келген. Осыған байланысты Қызылқоға ауданы әкімдігі тарапынан 2019 жылы Сағыз ауылындағы №3 мөлтек аудандағы ескі электр желілерін жаңартуға жоба жасақталып, жүзеге асырыла бастап еді. Қазіргі уақытта ескі желілерді жаңаға ауыстырудың құрылыс жұмыстары аяқталып, ел игілігіне пайдалануға берілді.

«Жоба бойынша жалпы ұзындығы 28,7 километр ескі электр желілері қазіргі жаңа технологиямен жасалған СИП кабелді желілеріге ауыстырылып, талапқа сай 9 дана КТП трансформаторлар орнатылды. Сонымен қатар жобада көше жарықтарын орнату жұмыстары да қамтылып, іске қосылды. Жарық беру қуаттылығы жоғары, қазір жиі қолданылатын соңғы үлгідегі «Philips» маркалы жарық шамдар орнатылып отыр. Көше жарықшамдарын орнату тұрғындардың түнгі уақыттарда қауіпсіз жүріп-тұруына, әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алуда маңызы зор», – деді Ерболат Иғали.

Оның айтуынша, бұдан бөлек Сағыз ауылының жаяу жүргіншілер жолымен қоса кірме жолды жарықтандыру жобасы жүзеге асырыла бастады. Оған қоса №1 және №2 мөлтек аудандардағы электр желілерін ауыстыру жобасы жасақталып, құрылыс жұмыстарына қажетті қаражатқа сұраныс берілді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: