Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
5 сәуірде "Жолаушылар тасымалы" АҚ Атырау облысының 400 жуық тұрғынын су тасқыны қаупі бар аймақтан жолаушылар пойызымен алып шықты. Оның 99-ы бала.
Естеріңізге сала кетейік, су тасқыны салдарынан Құлсары-Доссор учаскесінде көлік құралдарының қозғалысы толығымен тоқтатылды, осыған байланысты Ұлттық тасымалдаушы өңір тұрғындарын эвакуациялау үшін жолаушылар пойызын жіберу туралы шешім қабылдады.
"Жолаушылар тасымалы" АҚ тұрғындарды тасымалдауды қамтамасыз ету үшін Құлсары станциясынан Атырауға дейін жолаушылар пойызын тағайындады. Жолаушыларға жол жүру тегін болды.