Главная Новости Атырау теміржолшыларының балалары каникулды Астанада өткізді
19 қаңтар 2024, 11:11 724

Атырау теміржолшыларының балалары каникулды Астанада өткізді

Атырау теміржолшыларының балалары каникулды Астанада өткізді

Атырау жүк тасымалы қосалқы бөлімшесі кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен және қаржылай қолдауымен бір топ теміржолшының балалары қысқы демалыста Астанаға барып, каникулдарын керемет өткізді.

Көп балалы және аз қамтылған отбасынан шыққан 12-14 жас аралығындағы он бала – 6 қыз, 4 ұл бала ұшақпен Астана қаласына барып, еліміздің бас қаласын армансыз аралаған естен кетпес қызықты күндерін жарыса әңгімелеп, сыныптастарының көзін қыздыруда. 

– Олар – өңірде еңбек етіп жатқан электромеханик, электромонтер, пойыз құрастырушы, машинист, жол монтері, т.б. теміржолшылардың балалары. Астанаға сапар балаларға зор қуаныш, ерекше әсер сыйлады. Елорданың көрікті жерлерін армансыз аралап, демалып, бассейнге түсіп, жақсы демалып қайтты. «Қуантсаң, баланы қуант» демекші, жылдың басын балаларға арналған саяхатпен бастап біз де ризамыз. Алдағы уақытта да осындай балалар үшін қызықты каникул ұйымдастыруды жалғастыратын боламыз, – дейді балаларды Астанаға апарып келген Атырау станциясының кәсіподақ цехкомы Ажар Қосымбаева.

Қосұйым Мұқашев

Дереккөз: "Қазақстан теміржолшысы"

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: