Главная Новости Атырау теміржолында «Қыс-2024» оқу-жаттығуы өтті
04 желтоқсан 2024, 14:30 160

Атырау теміржолында «Қыс-2024» оқу-жаттығуы өтті

Атырау теміржолында «Қыс-2024» оқу-жаттығуы өтті

Темір жол қауіпті аймақ болғандықтан, ондағы төтенше жағдайларға сақадай сай болу өте маңызды. Жуырда аймақтағы құрылымдармен бірге Атырау теміржолында «Қыс-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті.

Атырау жүк тасымалы бөлімшесі мен Магистральдық желі бөлімшесі қатысқан оқу-жаттығуда азаматтық қорғаныс штабы құрылды. Атырау жүк тасымалы бөлімшесінің азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі инженері Нұрлан Сұлтанғалиевтің айтуынша, бөлімше құрылымдарына 1 ситуациялық жағдай тапсырылды: яғни Сағыз-Мұқыр станциялары аралығында секундына 15-30 метр жылдамдықпен жел соғуына байланысты 5 жолаушылар вагоны мен тепловоздың рельстен шығып кетуі орын алды.  

Апат салдарынан 10 жолаушы қаза болып, 30 жолаушы ауыр, 55 жолаушы орта, 120 жолаушы жеңіл дәрежедегі жарақат алған. Осындай төтенше жағдайдан шығу үшін Өрт сөндіру, Қалпына келтіру пойыздары, Төтенше жағдайлар қызметі, басқа да құрылымдар шұғыл әрекет етіп, апатты жоюға 97 адам, 7 техника жұмылдырылған.  

Қосұйым Мұқашев

Дереккөз: "Қазақстан теміржолшысы"

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: