Главная Новости Атырауда газ-мұнай химиясының болашағы талқыланды
04 наурыз 2020, 14:13 2104

Атырауда газ-мұнай химиясының болашағы талқыланды

Атырауда газ-мұнай химиясының болашағы талқыланды

Салынып жатқан интеграцияланған газ-химия кешенінің бірегейлігі, инновациялық шетелдік технологияларды қолдану, автоматтандыру жүйесінде үздік әлемдік тәжірибелерді қолдану, пайдалану персоналын даярлау бойынша алдын ала жүргізілетін жұмыстар туралы, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма төрағасының өңдеу және маркетинг жөніндегі орынбасары – "Kazakhstan Petrochemical Industries Inc" ЖШС (KPI Inc.) Басқарма төрағасы Тиесов Данияр 2020 жылғы 28 ақпанда өткен "Газ мұнай-химия саласының мамандары" тақырыбындағы дөңгелек үстел барысында айтып берді, деп хабарлайды SKnews.kz тілшісі "Мұнайлы мекен" газетіне сілтеме жасай отырып.

Дөңгелек үстел басында 200-ден астам қатысушы, Қазақстан және жақын шетел ЖБО мен колледждерінің өкілдері жиналды. Шараның негізгі міндеті Қазақстанның газ мұнай-химиялық саласы үшін мамандарды тұрақты дайындау процесін құру болды.

Осылайша, KPI пайдалану персоналын даярлау бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр. Жаңадан қабылданған қызметкерлер, атап айтқанда, технологтар "Шуртан ГХК" ЖШҚ (Өзбекістан) өндірістік тағылымдамадан өтті. Инженерлік-техникалық құрам "Полиом" ЖШҚ Омск полипропилен өндіру зауытында (Ресей) практикадан өте отырып, Уфим мемлекеттік мұнай техникалық университетінде және Омбы өнеркәсіптік-экономикалық колледжінде полимерлеу процестері бойынша оқудан өтті. Қызметкерлер Атырау МӨЗ-де тәжірибеден өтуде. Мамандардың тағылымдамасы Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Румынияның осы сияқты кәсіпорындарында, сондай-ақ Lummus Catofin және Novolen process технологиясы бойынша шетелдік ұқсас зауыттарда жалғасатын болады. KPI барлық қызметкерлері өндірістік қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша курстардан үнемі өтіп тұрады.

Бүгінгі күні жұмысқа қабылданған техниктер санының 95%-ын жастар құрайды. Олардың 46-ы қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарының түлектері (40– ҚР, 5–Уфа (РФ), 1-Франция).

"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма төрағасының өңдеу және маркетинг жөніндегі орынбасары – "KPI Inc." Басқарма төрағасы Тиесов Данияр ғылыми орта өкілдеріне
С. Өтебаев атындағы Атырау Мұнай және газ университетінің базасында Қазақстанның газ мұнай-химиялық саласына химик-технологтарды дайындау үшін оқу орталығын құру туралы ұсыныс жасады.

"Полипропилен өндірісі және оқу бағдарламаларына "Полимерлеу процесінің теориялық негіздері", "Мұнайхимиялық синтез технологиясы", "Полимерлер өндірісінің технологиясы" сияқты пәндерді енгізу үшін мұнай саласының химиктерін мақсатты түрде даярлау қажет. Бұл жоғары оқу орындары мен оқу-білім беру орталықтары тарапынан әрбір нақты өндіріс үшін ерекшелікті ескере отырып, оқыту бағдарламаларын әзірлеу мәселесіне ерекше ден қоюды талап етеді" — деп айтты.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша KPI мен Шуртан ГХК (Өзбекстан) арасында, KPI мен Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университеті (Ресей) арасында Стратегиялық әріптестік туралы меморандумға және С. Өтебаев атындағы Атырау Мұнай және газ университеті және KPI арасында оқу орталығын құру туралы келісімге қол қойылды.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: