Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Биыл атыраулық теміржолшылар да кәсіби мерекені ерекше көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алды. Салтанатты шараға жиналғандар алдында сөз алған Атырау жүк тасымалы бөлімшесінің директоры Аслан Базарғалиев пен магистральдық желі бөлімшесінің басшысы міндетін атқарушы Амангелді Рахмеденов әріптестерін мерекемен құттықтап, өндірістік көрсеткіштерге қысқаша тоқталды.
Өңірде жүк тиеу, жүк түсіру көлемі ойдағыдай орындалып келеді. Ал негізгі қызмет бойынша тасымал арқылы қаржылай табыс көлемі былтырғы жылғы осы уақытқа қарағанда 52,6% немесе 9 млрд 702 млн 974 мың теңгеге артық шыққан. Бұл жақсы көрсеткіш, қомақты табыс деуге болады. Атырау магистральдық желі бөлімшесі 2022 жыл қорытындысымен салалық жарыстан екінші орын алды.
– Мұның бәрі – сіздердің табанды еңбек, маңдай терлеріңіздің арқасы. Жұмыстарыңыз әрқашан жемісті, отбасыларыңыз аман, төл мерекеміз құтты болсын, – деді бөлімше басшысы.
Еңбектің еленуі қашан да мерей өсіреді. Мерекеге орай көптеген теміржолшылар марапатқа ие болды. Биылғы жылы өңірден екі адам «Құрметті теміржолшы» атағына ие болды. Атырау жол дистанциясына қарасты №7 телімнің жол шебері Асқар Ертаев марапатын Астана төрінде компания басшысының қолынан алса, Атырау вагон пайдалану депосының өндірістік қауіпсіздік және экология секторының басшысы Айсәуле Әбдіғалиеваға бөлімше басшысы табыс етті.
Сонымен қатар жүзден аса адам: станция кезекшілері, жол жөндеуші, электромеханик, пойыз құрастырушы, машинист, оның көмекшісі, вагон жөндеуші, кассир, жүк қабылдап-жөнелтуші, т.б. мамандар «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының, Жүк тасымалы, Магистральдық желі дирекциясы, жергілікті бөлімше басшыларының Алғыс хат, Құрмет грамоталарымен, «Үздік басшы», «Кәсібі бойынша үздік» атағымен марапатталды.
Одан бөлек «ҚТЖ» ҰК» АҚ және бөлімше Құрмет тақтасына суреттері ілінген мамандардың да аты аталды. Сондай-ақ темір жол саласына айтарлықтай еңбек сіңірген бүгінгі бір топ ардагерлер Компания және бөлімше ардагерлер кеңесінің Алғыс хатымен марапатталды. Осылайша аймақ теміржолшыларының мерейін үстем еткен төл мереке әрі қарай табиғат аясында демалып, Жайық өзенінде теплоходпен серуендеуге ұласты.
Қосұйым Мұқашев
Дереккөз: "Қазақстан теміржолшысы"
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
190
13 марта 17:18
Компании группы АО «Самрук-Қазына» удостоились ряда наград Казахстанской фондовой биржи