Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Атырауда мұнай-газ секторының экология саласындағы реттеуші мәселелері талқыланды. Дөңгелек үстелдің жұмысына экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев, экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Ерболат Кожықов, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «KAZENERGY», мұнай-газ өндіру және мұнай-газ өңдеу кәсіпорындарының өкілдері (Қауымдастық мүшелері) қатысты.
Кездесуге қатысушылар мұнай-газ саласындағы кешенді экологиялық рұқсаттар (КЭР) алу және автоматтандырылған мониторинг жүйелерін енгізу барысында туындаған мәселелер мен оларды шешу жолдарын, мемлекеттік экологиялық сараптама және экологиялық рұқсат алу, ҚР жаңа экологиялық кодексінің талаптарына сәйкес «Е-лицензиялау» порталының жұмысын жетілдіру сияқты өзекті экологиялық мәселелерді талқылады.

«Мұнай-газ саласының кәсіпорындары үшін кешенді экологиялық рұқсат алу маңызды жаңа тәжірибе болып табылады. Бұл процесс тығыз ынтымақтастықты, жедел әрекет етуді және туындаған барлық мәселелерді уақтылы шешуді талап етеді. Осы ретте біз саланың тұрақтылығы мен экологиялық жауапкершілігін арттыруға бағытталған негізгі экологиялық реформалардың бірін сәтті жүзеге асыра аламыз», - деп атап өтті ҚМГ еңбек және қоршаған ортаны қорғау департаментінің директоры Қайрат Сейтмағамбетов.

Кәсіпорындардың өндірістік қызметімен, автоматтандырылған мониторинг жүйелерімен, механикалық және биологиялық тазарту құрылыстарын енгізу жұмыстарымен бірге ағынды суларды тазарту сапасымен танысу мақсатында экология және табиғи ресурстар министрлігі мен KAZENERGY қауымдастығының өкілдері «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС және «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc» ЖШС (KPI) барды.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
68
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
77
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы