Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Қазақстан темір жолының 20 жылдығына орай «Қазкөліккәсіп» ҚБ Орталық кеңесінің Атырау өңірі бойынша өкілдігі ұйымдастыруымен Қиғаш өзенінен балық аулаудан жарыс өтті.
Аймақтағы теміржол мекемелері қызметкерлері арасынан мен деген 40 «балықшы» қатысқан сайыс өте қызықты өтті. Атырау қосалқы және магистральдық желі бөлімшелеріне қарасты станциялар, локомотившілер, вагоншылар, байланысшылар, жолшылар, энергетик, басқа да мекеме өкілдері балық аулаудың шеберлері екенін көрсетуге тырысып бақты. Әрине теміржолшылар үшін ең бастысы жарыста жеңу емес, қатысу, таза ауада бас қосып көңіл көтеру болғаны анық. Әзіл-қалжыңмен күннің шым-шым аязын да елемей, теміржолшылар өте көңілді уақыт өткізді.

Алғаш қармағына балық іліккен ПЧ-9 жұмысшысы Қ.Иралиев болды. Ең үлкен балық ұстаған вагоншы Г.Құлбаев болса, бәрінен көп балық аулаған вагоншы Ж.Жанғатаев, ең жас балықшы Е.Ғалымжанов, ал ең тәжірибелі балықшы электрмонтер Б.Нұғыманов болды. Олар балық аулауға арналған құралдар жиынтығы және ақшалай сыйлықпен марапатталды. Басқа қатысушыларға да кәсіподақ атынан ынталандыру мақсатында ақшалай сыйлық берілді.
Мұндай шаралар еңбек ұжымдарын ынтымақтастырады, жақындатады, ұйыта түседі. Әзілің жарасып, демалып, таза ауада табысу да бір ғанибет қой! Сол ниетте бәрі де жеңіске жетті деуге болады. Екі-үш сағат табиғатты тамашалап, аязды күнде ашық аспан астында Қиғашқа қиыла қарап отырып, қазаннан жаңа түскен бауырсақ пен ыстық шәй ішкеннің өзі бір демалыс емес пе?! Кәсіподақ ұйымы осылайша ұтымды идеяны жүзеге асырып, баршаны риза етті.

Қосұйым Мұқашев
Дереккөз: "Қазақстан теміржолшысы"
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
78
11 декабря 11:49
«Самрук-Қазына» представил планы по новым IPO на AIFC Connect в Абу-Даби