Главная Новости Атыраулық теміржолшылар Бас мүфтимен кездесті
15 қыркүйек 2021, 10:05 895

Атыраулық теміржолшылар Бас мүфтимен кездесті

Атыраулық теміржолшылар Бас мүфтимен кездесті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының Атырау магистралдық желі бөлімшесі қызметкерлеріне ихсан ілімінің мәні мен маңызын түсіндірді.

«Ихсан – кез келген адам мен ұжымға қажет ілім. Өйткені ихсанның басы біреуді ренжітпеумен басталып, соңы біреуге ренжімеумен аяқталады. Ихсан ілімі адам баласын құлшылық пен әр істі көркем түрде орындауға, айналадағы кісілермен жақсы қарым-қатынас жасауға тәрбиелейді. Діни басқарма ата-бабамыздан ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан осы ілімді халық арасында кеңінен насихаттауға көңіл бөлуде», – деп атап өтті Наурызбай қажы Тағанұлы.

Кездесуде бөлімше директоры Елубай Сапаров Бас мүфтиге алғысын білдіріп, ізгі ниетін жеткізді. Сонымен қатар темір жол саласының ардагер қызметкерлері ұрпақ тәрбиесі жайлы пікірін ортаға салды. Кездесу соңында Бас мүфти «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабын сыйға тартты.

Дереккөз: ҚМДБ ресми сайты

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: