Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Биыл түлектерге Атырау облысы әкімінің 148 білім гранты бөлінді. Оған мемлекеттік білім грантын алмаған талапкерлер қатысқан.
Атырау облыстық білім басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, әкімнің гранты 2017 жылдан бері беріліп келеді. Білім гранты жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылады.
«Облыс әкімінің грантын берудің өзіндік тәртібі бар. Біріншіден, бұл мемлекеттік білім грантын иелене алмаған талапкерлерге арналған. Екіншіден, әкім грантын алу үшін өткізілетін конкурсқа мектеп және колледж түлектері қатысты. Үшіншіден, әкім гранты кадр тапшылығына байланысты сұраныс негізінде бөлінеді. Басты талап – мамыр-маусым айларындағы Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысымен ережеге сәйкес құжаттарды тапсыру», - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.
Басқарманың ақпаратына қарағанда, әкім грантымен оқыған студенттер жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін жауапты мекеменің берген жолдамасымен жұмысқа орналаса алады. Биыл білім грантын бөлу кезінде медицина, педагогика, ауыл шаруашылығы, ветеринария, орман ресурстары және орман шаруашылығы, дінтану, туризм бағытындағы мамандықтар таңдалды.
Мәселен, педагогика, бейнелеу өнері және көркем еңбек, музыкалық білім, ветеринария, дене шынықтыру және спорт, туризм және сервис мамандығының грантын иеленгендер Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде жоғары оқиды.
Әкім грантының басым бөлігі медицина саласына маман даярлауға бөлінген. Енді атыраулық түлектер Астана, Алматы, Қарағанды және Ақтөбе қалаларындағы медицина университетінде жалпы медицина мамандығында білім алады. Ал, дінтану, теология мамандығы үшін берілген грант иелері Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университетінің студенті атанды.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
69
12 декабря 13:01
АО «Самрук-Қазына» снова в числе лидеров нефинансовой отчетности
77
11 декабря 22:17
Кто работает на ПНХЗ: прибористы