Главная Новости Аутстаффинг жұмысшыларымен болған жағдай реттелді
29 шілде 2021, 08:00 1078

Аутстаффинг жұмысшыларымен болған жағдай реттелді

Аутстаффинг жұмысшыларымен болған жағдай реттелді

«Қаражанбасмұнай» АҚ басшылығы ҚБМ үшін шарттық негізде аутстаффингтік қызмет көрсететін Industrial Service Resources ЖШС жұмысшыларымен кездесуден кейін тараптар ортақ шешімге келді, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

ҚБМ басшылығы қызметкерлердің пікірі мен құқықтық мүмкіндіктерін бірлесе талқылай отырып, бір ай ішінде өндірістік қажеттілікті ескере отырып, кен орнындағы (Қаражанбас кен орнында) аутстаффинг жұмысшыларын ҚБМ штатына кезең-кезеңімен қабылдау мәселесін қарайды.

Оның аясында бір ай ішінде конкурстық негізде қабылдау мен ҚБМ конкурстық комиссиясының құрамына ISR өкілін енгізу арқылы ҚР заңнамасына сәйкес 5 жыл көлемінде кезең-кезеңмен көшудің шарттары мен тәртібінің тұжырымдамасын әзірлей отырып, талдау жүргізіледі. Басшылық бірлесе әзірленген ұсыныстар бойынша мәселені аталған мерзімде шешу үшін ҚБМ акционерлеріне жүгінеді.

Сонымен қатар, ISR-дің Қаражанбас кен орнындағы 44 қызметкерінің жалақысын ҚБМ-ның штаттағы жұмысшыларының еңбекақысымен теңестіру туралы мәселе, оның ішінде аутстаффингтен басқа объектілерге (құрылымдық бөлімшелерге) ауыстыру мүмкіндігі қаралады.

Қазір кен орнында жағдай реттелді. Барлық өндірістік нысандар мен жұмысшылар штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: