Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Қаражанбасмұнай» АҚ жұмысшылары арасында еліміздің мұнай-газ секторына зор үлес қосып жүрген бір топ әйелдер де бар. Олар қиын да қызықты саланы серік етіп, ерлермен иық теңестіре абыройлы еңбек етіп келеді.
Гүлайым Ноғаева өмірінің отыз жылға жуық уақытын қара алтын игеру саласына арнаған білікті маман. Қаражанбастағы еңбек жолын іс жүргізуші болып бастаған ол, кейін кадр бөлімінің маманы, мұнай өндіру цехының операторы сияқты қызметтерді атқарды.
«Әйел адам үшін вахтаға барып, үйден жырақ жүру қиындық туғызуы мүмкін. Дегенмен мамандыққа деген махаббат арқасында Қаражанбас біздің алтын ұямызға айналды. Жылдар бойы мол тәжірибе жинап, маман ретінде шыңдалған кен орнымызды көркейту үшін әлі де қызмет етуге барымызды саламыз», – дейді Гүлайым Ноғаева.
Бүгінде кейіпкеріміз орталық инженерлік-технологиялық қызметте өндірістік деректер диспетчері болып жұмыс істейді. Ол кен орнының әртүрлі учаскелерінде өндірілетін мұнайдың, газдың, су мен будың тәуліктік көрсеткіштерін тіркейді. Жауапты қызмет иелері шынайы құрметке лайық.
«Әйел бар жерде әрдайым үйлесімділік, татулық және өзара түсіністік бар. Біздің энергиямыз мұнай саласының қозғаушы күші деп ойлаймын», – дейді ол.
Әйел – үйде аяулы ана, сүйікті жар, шаңырақтың ұйытқысы. Ал қызметте жүктелген міндеттерді жауапкершілікпен орындайтын маман. Қай саланың тізгінін ұстаса да Отан мен отбасының өркендеуі әйелдер қауымына тікелей байланысты.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
68
19 декабря 12:35
Асылбек Найманов: вклад в работу ТОО «Karabatan Utility Solutions»