Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Қаражанбас кен орнындағы технологиялық процесті басқарудың автоматтандырылған жүйесі өндірісті басқару мен бақылауды тиімді жүзеге асыра отырып, үздіксіз жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Технологиялық іргетастың мықтылығы мен өз ісін жетік білетін мамандар арқасында өндірісті автоматтандыру цехы қол еңбегін автоматтандырылған жабдықтармен, механизмдермен және аспаптармен алмастырады.
Жеткіншек Қибашев аталмыш цехтың негізі қаланғаннан бері жұмыс істеп келеді. Оның 40 жылдық еңбек жолы – ізбасар ұрпақ үшін тұтас тарих және үлгі. Жеткіншек кен орнына жастай келіп, жұмысын КИПиА слесарі болып бастады. Содан бері кейіпкеріміз, ел ырысын еселеуге маңызды үлес қосып, күн сайын өндірістік жобаларды жүзеге асыруға атсалысады. Бүгінде цех шебері қызметін абыройлы атқарып жүр.
«Қаражанбасты игерудің алғашқы жылдары көптеген процестер қолмен жүзеге асатын. Біздің цехымыз аспаптар мен қажетті жабдықтарды орната отырып, автоматтандыруды нөлден бастап жүйелендірді деуге болады. Қазір бәрі әлдеқайда жеңіл, маман өндіріс процесінің жанында болып, оның жұмысына бақылау жасайды», – дейді Жеткіншек Қибашев.
Жоғары технологиялық және цифрландырылған бөлімшеде екі вахта ауысымы бойынша 100-ге жуық маман еңбек етеді. Компьютерлер мен бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы олар бүкіл кен орнының операцияларын, деректерін, ақпаратын және ресурстарын басқара алады.
«Біз алдыңғы қатарлы жабдықты қолданатынымызға қарамастан, барлық процестер автоматтандырылған және әрбір өзгеріс көптеген датчик арқылы тіркеледі. Сондықтан сауатты мамандарсыз жұмысымыз алға жүрмейді. Аталған көрсеткіштердің барлығын түсініп, талдап, жедел шешім қабылдай білу керек. Бұл орайда біздің цех жұмысшыларының білімі мен дайындығы жоғары деңгейде», – деп атап өтті ӨАЦ басшысы Ернұр Ізбасаров.
Қазір цех өндірісті дамыту және жаңғырту стратегиясын ұстана отырып, әртүрлі объектілерден орталық диспетчерлік пунктке параметрлер мен сигналдарды шығару бойынша жұмыстар жүргізуде. Бұл арқылы қашықтықтан мониторинг жасап, жұмыс процесін бақылауға болады.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
95
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
103
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы