Главная Новости Айдарбек Таңсықұлы: «Еңбек жолым Тәуелсіздік жылдарымен бірге өрілді»
01 қазан 2021, 15:51 1146

Айдарбек Таңсықұлы: «Еңбек жолым Тәуелсіздік жылдарымен бірге өрілді»

Айдарбек Таңсықұлы: «Еңбек жолым Тәуелсіздік жылдарымен бірге өрілді»

Биыл ел тарихы үшін елеулі мереке – Тәуелсіздіктің 30 жылдығы. Осы атаулы кезеңде энергетика саласының өткені мен бүгінгі жетістіктерін саралап, баға бере алатын тәжірбиелі мамандар қалыптасқан. Олардың басым бөлігі бүгінде «Самұрық-Энерго» АҚ-да ширек ғасырдан астам еңбек етеді. Мереке қарсаңында осындай білікті мамандарымыздың бірі, «Өндірістік бағдарламалар мониторингі» департаментінің  бас маманы Айдарбек Таңсықұлы өз лебізімен бөлісті:

– Менің энергетикаға қадам басуым еліміздің 1991 жылы тәуелсіздік алуымен тұспа-тұс келді. Сондықтан бұл саланың 30 жыл ішіндегі даму тарихын білемін деп айта аламын. Оны жалпы 3 кезеңге бөлуге болады. Біріншісі 1991-2000 жылдар аралығы. Ол уақытта Кеңес одағына қарасты барлық елдің жағдайы мәз болмады.  1990 жылы еліміздің электр қуатына деген сұранысы шамамен 104 млрд кВт, ал ішкі генерация  87,4 млрд кВт құрады. 1992 жылдан бастап электр қуатының өндірісі төмендеп кетті. Салдарынан 1998 жылы елдегі электр қуаты тапшылығы ең төменгі шегіне  жетті.

Одан кейінгі 2001-2009 жылдар аралығын «Тұрақтану кезеңі» деп алайық. Энергетика саласына деген көзқарас өзгеріп, өндіріс орындарын жекешелендіру басталды. Жаңа кәсіпорындар ашылып, электр қуатына деген сұраныс артты. Сәйкесінше өндіріс көлемі артты. Алайда ол қажеттілікті толық жабуға мүмкіндік бермеді. Сондықтан энергетика саласын модернизациялаудың қажеттілігі туындады. 2009-2015 жылдарда шектеулі тарифтерді инвестицияға жұмсау аясында жаңа бағдарлама жасалып, нәтижесінде Екібастұздағы ГРЭС-1-дің 2-ші және 8-ші блоктары жұмысқа қосылды. Мойнақ стансасы салынып, ауқымды жобалар қолға алынды.

Ал 2010-2020 жылдар аралығын «Өрлеу кезеңі» деп есептеймін. Осы кездері, шамамен 2017 жылы Қазақстанның электр қуатына сұранысы 103 млрд кВт-қа жетті. Ал өндіріс 106 млрд кВт құрады. Артылған 3 млрд кВт-ты экспортқа жіберіп отырдық. Осылайша, энергетикада көптеген тың жұмыстар жасалып, жаңалықтар енгізілгеннің нәтижесінде жылдан-жылға өндіріс күшейіп, еліміз электр қуатымен толық қамтамасыз етілуде. Әрине, ел экономикасының қарқынды дамуына байланысты электр қуатына сұраныс арта береді. Біз оған дайынбыз.

Бүгінде «Самұрық-Энерго» АҚ болашаққа жүйелі түрде жоспар құрып, алдағы 10 жылдықта өндіріс орындарын модернизациялауды көздеп отыр. Осы орайда барша қазақ елін, әріптестерімді айтулы, тарихи мереке Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен шын жүректен құттықтағым келеді. Әр үйдің жарығы сөнбей, еліміздің берекесі арта берсін!

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: