Главная Новости Айманбетов: Құрылыс саласын дамыту үшін цифрландыру және автоматтандыру ауадай қажет
04 желтоқсан 2023, 08:17 1445

Айманбетов: Құрылыс саласын дамыту үшін цифрландыру және автоматтандыру ауадай қажет

Айманбетов: Құрылыс саласын дамыту үшін цифрландыру және автоматтандыру ауадай қажет

Қызылорда облысында азаматтық құрылыс саласының мәселелері талқыланды. Онда ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Тимур Қарағойшин, Қызылорда облысының басшысы Нұрлыбек Нәлібаев, облыс әкімдерінің орынбасарлары және құрылыс басқармалары басшыларының қатысуымен республикалық жиын өтті.

Ұлттық жоба аясында 369 мектептің құрылысына жауапты компания басшысы ретінде іс-шараға «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма Төрағасы Мәулен Айманбетов те қатысты.

Отырыста барлық құрылыс процестерін автоматтандыру, сондай-ақ қағаз құжат айналымынан толық бас тарту мәселелері қаралды. 2024 жылдың басынан бастап құрылыс саласы толығымен цифрлық форматқа көшеді деп жоспарланған. Бұл «e-qurylys» электрондық жүйесінің арқасында мүмкін болмақ.

Өз сөзінде Мәулен Айманбетов цифрландыру және қағаздан толық бас тарту құрылыс саласын дамытуға ауадай қажетті маңызды қадам екенін атап өтті. Мысалы, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының барлық процестерін оңтайландыру және ашықтықты қамтамасыз ету үшін бірыңғай электрондық кросс-платформа әзірленуде. Жақын арада оны «e-qurylys» жүйесімен интеграциялау көзделген.

«Біздің кросс-платформада мердігерлер құрылыстың барысы туралы апта сайын электрондық форматта есеп беретін болады. Осылайша бақылау бірнеше деңгейде жүзеге асырылады. Мектептердің құрылысын үздіксіз қадағалап отыруға болады. Егер Мердігер қандай да бір жұмыс түрлері бойынша үлгермей жатса не кестеден кешіксе, барлық ақпарат жүйеде ашық көрсетіледі», – деді ұлттық жобаның бірыңғай операторы «Samruk-Kazyna Construction» АҚ басшысы.

Айманбетов жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу және мемлекеттік сараптамадан өту үрдісінің не себепті ұзаққа созылып жатқанын түсіндірді. Сөйтсек, мектептердің ЖСҚ жасағанда кей жобалаушы компаниялар құрылыс шығындарын, сондай-ақ тауарлар мен қызметтердің сметалық құнын жасанды түрде қымбаттатуға тырысқан.

«Қазір біздің жіті қадағалауымызбен жайлы мектептердің ЖСҚ қайта қаралуда, оңтайландыру жасалып жатыр. Біз бәрін шекті бағаларға сәйкес келтіріп, жоба құнын негізсіз қымбаттауға жол бермейміз. 1 желтоқсаннан бастап мектептердің оңтайландырылған жобалары «Мемсараптама» РМК порталына қайта жүктеледі», - деді Айманбетов.

Ұлттық жобаның бюджеті – 369 мектепке 2,3 трлн теңге. Samruk-Kazyna Construction басшысы жобалаушы ұйымдар мектептердің құнын бөлінген қаражаттан асырмауы тиіс екенін қадап айтты. Құрылыс-монтаждау жұмыстары барысында ЖСҚ-ға ешқандай өзгеріс енгізілмейді.

«Жобалық-сметалық құжаттама сапалы әзірленген жағдайда 2 немесе 3 қабатты ғимараттың құрылысы техникалық жағынан қиын емес. Ал егер ЖСҚ сапасыз әзірленсе, онда құрылыс процесінде түзетулер енгізіп, уақыт жоғалтамыз. Сондықтан, біз бұған жол бермейміз. Мектептер ЖСҚ бойынша және бектіліген баға шеңберінде салынатын болады», - деп ерекше атап өтті спикер.

Бұл бағытта «Атамекен» ҰКП және Samruk-Kazyna Construction белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Мектептердің ЖСҚ мемлекеттік сараптамадан өткеннен кейін Samruk-Kazyna Construction кәсіпкерлер палатасына нысандарды салу және жарақтандыру үшін қажетті материалдар, жиһаз бен жабдықтар туралы толық ақпарат береді. Осының негізінде «Атамекен» ҰКП сапалы өнім шығаратын және ұлттық жобаның қажеттіліктерін жаба алатындай қуаты бар отандық өндірушілер бойынша өз ұсынымдарын жібереді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: