Главная Новости Азия мен Еуропа арасы: Қазақстанның транзиттік әлеуеті
30 қыркүйек 2021, 09:00 715

Азия мен Еуропа арасы: Қазақстанның транзиттік әлеуеті

Азия мен Еуропа арасы: Қазақстанның транзиттік әлеуеті

Нығметжан Есенғариннің 80 жылдығына арналған «Қазақстанның көліктік әлеуеті: бастауы және келешегі» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияға отандық сала мамандарымен қатар алыс-жақын шет елдердің және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысып шойын жол саласының көкейкесті мәселелерін ортаға салды. Бейне байланыс түрінде ұйымдастырылған шарада темір жол жүйесінің өзекті тақырыптары- контейнерлік жүк тасымалы мен Қазақстанның транзиттік мүмкіндігі сөз болды.

Қарқынды дамып жатқан Қытай мен валюта әлемі-Еуропа бүгінде әлемдік сауда-саттықтың көрігін қыздырып отыр. Екіарадағы дәнекер – Темір жол серіктестігі ұйымы. Азия мен Еуропадағы 29 ел мүше ТЖСҰ 1956 жылы құрылған.  Штаб-пәтері Варшавада. Ұйымның Жүк тасымалы комиссиясының Төрайымы Зубайда Аспаеваның мәліметіне сүйенсек, мүше елдер аумағынан өтетін 300 мың шақырымдық желі арқылы жыл сайын шамамен 5,5 млрд жолаушы қатынап, 5,6 млрд тонна жүк тасымалданады екен.

Осы тұста стандартты вагондармен дәстүрлі жүк тасымалдау жүйесінің заманы өтіп бара жатқаны байқалады. Өйткені ТЖСҰ контейнерлік тасымал түріне басымдық беретін болған. Оның әсерін соңғы кездері біз де сезіп отырмыз. Қазақ-қытай шекарасындағы алыс-берісті контейнерлік пойыздар арқылы жүзеге асыру талаптары соның айқын дәлелі.

Сол Қытайдың тауарын Еуропаға, одан кері алып өтудегі Қазақстанның транзиттік әлеуетіне келер болсақ, 2020 жылы жалпы жүктің 91 % біздің ел аумағы арқылы тасымалданған. Бұл жерде Қазақстанның тоғыз жолдың торабында тұруы өз алдына, 2014 жылдан бері каншама инфляциялар болып жатса да тариф саясаты айтарлықтай өзгере қоймаған. Осы жылдың 8 айында  Қазақстан аумағы арқылы 6130 контейнерлік пойыз өткен.

«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы көлік сервисін жақсартып, пойыз жылдамдығын арттыруға әрдайым күш салып келеді. Бұл қарекет Еуразия кеңістігіндегі Қазақстанның тразиттік мүмкіндігін еселей түсетіні сөзсіз. Халықаралық ұйым өкілінің темір жол көлігімен жүк тасымалдау барысына берген бағасы осындай. Ал, осы шаруаға жауаптылардың бірі «KTZ Express» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Игембаев айтуынша Қазақстан географиялық  орналасуы бойынша құрлық және теңіз арқылы 7 елмен шекараласады.

Сондықтан контейнерлік тасымалға басымдық беру арқылы транзиттік әлеуетті арттыру басты міндет. Қазіргі кезде сол Қытай мен Орталық Азия, ТМД, Еуропа, Түркия арасындағы контейнерлік тасымал еліміз арқылы қарқынды жүріп жатыр екен. Тауар барар жеріне 7-16 күн ішінде жеткізіледі.

Статистикаға сенсек, көрсеткіш өткен жылдың 8 айымен салыстырғанда 32% жоғарылаған.  Бұл тұрғыда Қазақстан шойын жолын пайдалануға Ресей де мүдделі. Қытай мен Ресейдің біз арқылы тауар алмасуы өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда  30 % артқан. Ал, Қытай мен Орталық Азия арасындағы тауар алмасу әзірге даму үстінде. Осы арада Транскаспий халықаралық көлік бағдарын айтпай кетуге болмас. Бұл – Әзірбайжанды, Грузияны, Түркияны байланыстыратын және теңіз порттары арқылы жүктерді бірнеше рет ауыстырып тиеуді талап ететін күрделі мультимодальді маршрут. Дей тұрғанмен арнайы тарифтік шарттар ұсынудың арқасында мұнда да ілгерілеушілік бар.

2019 жылы контейнерлік тасымалды жандандыру үшін Каспийде кемелер бағытының тұрақты кестесі жасалды. Соған сәйкес су көлігі әр сәрсенбі сайын Ақтаудан, әр сенбі сайын Бакуден жөнелтілетін болды. Бұл вагондардың, контейнерлердің айналымын және жеткізу мерзімін оңтайландырады. 2021 жылдың 8 айында Ақтау-Баку бағыты бойынша тасымалдау көлемі – 8,7 мың ЖФЭ, ал, Баку – Ақтау бағыты бойынша 2,6 мың ЖФЭ жетті.

Нұрбол Манап

Дереккөз: Қазақстан теміржолшысы
 

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: