Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Өмірін жанұясына жылулық сыйлаумен ұштастыра жүріп, қоғамда түрлі істің көзін тауып, белгілі бір салада абыройлы еңбек етіп жүрген әйелдер қаншама. Бір қолымен бесігін, екінші қолымен әлемді тербететін әйелдер қай салада да белсенді. «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамында да мұнай және газ саласын игерумен қатар, ғылым саласында жетістікке жеткен, отбасы-ошақ қасын сүттей ұйытып отырған нәзік жандылар жетерлік. Солардың бірі де бірегейі «Қаламқасмұнайгаз» өндірістік басқармасында табаны күректей 34 жыл еңбек өтілі бар Технологиялық сұйықты даярлау цехының машинисі Бибігүл Қалыбаева.
Тумысында тасы пысық, туған үйдің түтінін, аяулы анасының тәрбие-күтімін көріп, рухани азығын бойына жиған Бибігүлге кез келген істі іліп алып кету түк емес. Бір нәрсенің ұтырын білгендіктен болар, шалымды әрі зерек. Мәселеге асқан жауапкершілікпен, байыппен қарайтын сақтығы да жоқ емес.
Болашағын есеп-қисаппен емес, тарсыл-гүрсілі көп, өмірі қайнап жатқан өндірістен тапқан ол, күні бүгінге дейін тапжылмай еңбек етіп келеді. Өмірлік жарын кездестіріп, шаңырақ көтеріп, артынша қос ұлды болады. Көп ұзамай жолдасы өмірден өткесін, Бибігүлге өмірдің қай сынағына да төтеп беруге тура келеді. Оның алдында екі баланы жеткізу, аман-есен өсіріп, қатарға қосу басты міндет ретінде тұрған.
Жастайынан жұмсалып өскен, еркек-жалды, өр мінезді Бибігүл тіпті «Уаз», астаулы «Газель» автокөлігін 4 жыл тізгіндеп, елді мекендердің арасын жол қылған. Темір тұлпарының май-суын қарап, бұзылған анау-мынау жерін де өзі жөндеп алып, отбасына кіріс кіргізіп отырған. Ұлдары ержеткен соң, машинаны айдауды, жол қозғалыс ережелерін өзі үйретіп, «Газельдің» кілтін тапсырған екен. Бірде өзі жолаушылап келе жатып, жол күтіп трассадан көлік тоқтатып мінеді. Әрі-беріден соң жолдан түсетін жолаушыдан шопыр жолақысын сұрағанда Бибігүл таңданысын жасыра алмай: «Мен де талай адамды тегін апарып, алғысына бөленгенмін. Соның арқасы шығар, шүкір, жолда қалып көргенім жоқ. Адамдардың ықыласынан артық ештеңе керек емес екен. Адамда ынсап болмақ керек!» деген көрінеді. Жүргізуші де елдегі қымбатшылыққа, алым-салықтарға наразылығын айтып ақталса керек.
Қазақта «Тігіншіні инесі асырайды» деген жақсы сөз бар. Бибігүлдің шеберлігі де өз алдына бір төбе. Қиыннан қиыстырып, ескі бұйымнан жаңа дүниені жасап шығару, кестелі, моншақты орамал тігу, ою-өрнекті бастыру, бедерлі бау тоқудан да алдына жан салмайды. Киіз басып, өрмек тоқудың заманын көрген Бибігүлге ағаштан мүсін жасап, темірден түйін түю де таңсық емес. Өнері тамған он саусақтың арқасында ошақ қасы, отбасын гүлдендіріп отырған әже Бибігүлдің өнегесі өмірінің ізін жалғар балдай тәтті немерелеріне де үлгі. Ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, ар-намыс, адалдық, патриотизм, жауапкершілік, әдептілік, мейірімділік, сүйіспеншілік, үлкенге ізет, кішіге құрмет сияқты қасиеттерге ие Бибігүл әрқайсысын өз орнымен дөңгелетіп, әріптестерінің ортасында сыйлы. Үнемі сенім үдесінен шығып, табысты еңбек ету үшін Технологиялық сұйықты даярлау цехының еңбек өнімділігі жоғары, еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасын сақтау, ауыз суды қабылдау, оны сүзгіден өткізіп, су сорғы стансасына айдау секілді жұмыстарды мінсіз атқарады. Өндірістік басқарманың табысты еңбек етуін кәсіби мамандардан құралған сенімді команданың білікті жұмыс істейтіндігімен түсіндіреді кейіпкеріміз.

«Еліміз үшін теңізге тамшыдай үлес қоссақ – соның өзі үлкен жетістік. Ешқашан нәзік жандымын, басқа деп жұмысқа келгенде осалдық танытқан емеспін. Барлық азаматтардың мүмкіндігі тең. Бастысы ізденіс, білім және еңбек», - дейді ол.
«Қол өнері - кілемде, сөз өнері – өлеңде» дегендей Бибігүл ақындық өнерден де кенде емес. Ол өзінің «Өзіңде өткен отыз жыл» өлең жолдарын (2020 жылы жазған) былай өрнектейді:
Бойыма жиып қайрат, төзімдерді,
Мен үшін еш қиындық білінбеді.
Отыз жыл уақыт та өте шықты,
Қаламқаста еңбегімді сіңіргелі.
Маңғыстау сөз жетпейтін шырайлы өлкем,
Құт болған қазағыма мұнайымен.
Алланың төккен ырыс, бағы бәлкім –
«Қаламқастың» несібесі ұдайы кең.
Мол ризық теріп шүкір, бақ табамын,
Әр таңға махаббатпен шаттанамын.
Осынау құт мекенде еңбек етіп,
Қаламқас атыменен мақтанамын.
«Әйел заты үйде, ошақ қасында отыруы керек немесе әйел адамның қолынан көп нәрсе келе бермейді деген түсінік ескі заманның сарқыншағы десек те болады. Осыдан екі-үш ғасыр бұрынғы дүние мен қазіргі заманды салыстыру қате ұғым. Өйткені бүгінгінің адамдарының көзі ашық, көкірек- санасы ояу, заманауи, өмір салты басқа. Әйел ана ғана емес, ұлтты тәрбиелеуші ғана емес, еңбек адамы болып қалыптасты. Мен де мектепте оқыдым, білім алдым, іздендім. Кейінгісін өмір мектебі тоқытып, шыңдады. Осы еңбектенгенімнің арқасында балаларымды ешкімге жәудіретпейін деп шаңырақтың туын берік ұстап отанасы болып отырмын. Көшбасшы ретінде үйде де, қызметте де ақыл қосып, қарым-қабілетіммен жетістікке жетіп келемін. Қай саланы алып қарасақ та нәзік жандының рөлі жоғары. Соған қарамастан, нәзіктігін сақтап, отбасыға ұйытқы болып жүргендер де – әйел заты. Бастысы, өз ісіңе адал болып, жауапкершілікті сезіну ғана. Еңбексүйгіш адамның ғана абыройы асқақ болады» дейді Бибігүл.
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ «МұнАйым» әйелдер энергетикалық клубының мүшесі Б. Қалыбаеваның клубтағы алатын орны да ерекше. Өзінің энергетикасымен, еңбекке деген құштарлығымен әйелдер клубына етене араласып кетті. Қашанда өзі көтерген мәселенің шешімін тауып, берген уәдесінің үдесінен шығып, сенімді ақтап жүргені де көз қуантады. Осы ретте, өндіріс ошағы Қаламқас кен орнында жұмыскер әйелдердің көтерген мәселесін діттеген жеріне жеткізіп, орындалуына да атсалысып жүр.
"Маңғыстаумұнайгаз" АҚ баспасөз қызметі
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
95
05 декабря 17:59
QID қауымдастығы «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Дамир Суентаевты марапаттады
101
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона