Главная Новости "Бала күлкісі мен бақытынан артық ештеңе жоқ". Президент балаларды қорғау күнімен құттықтады
01 маусым 2022, 08:18 1334

"Бала күлкісі мен бақытынан артық ештеңе жоқ". Президент балаларды қорғау күнімен құттықтады

"Бала күлкісі мен бақытынан артық ештеңе жоқ". Президент балаларды қорғау күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы жылдан жылға балаларды қорғау бағытындағы жұмыстар күшейтілетінін атап өтті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды балаларды қорғау күнімен құттықтады, деп хабарлады Ақорда сайты.

Мемлекет басшысы өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау – мемлекеттің басты міндетінің бірі екенін атап өтті. 

"Біз заманауи мектептер мен жайлы балабақшалар салып, инновациялық орталықтар, оқушылар сарайларын және спорт кешендерін ашып жатырмыз. Үйірмелер мен секциялар да  ұйымдастырылған. "Балалар жылы" аясында көптеген жаңа жобалар қолға алынды. Әрбір баланың талабын ұштап, дарынын ашуды көздейтін түрлі іс-шаралар жүзеге асырылуда", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ол сонымен бірге мемлекет жылдан жылға бұл бағыттағы жұмысты күшейте түсетініне тоқталды. Өйткені, жас ұрпақтың мықты азамат болып өсуі  еліміздің тұрақты дамуына және баянды болашағына жол ашады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: