Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Қазпошта» АҚ қызметкерлері 1-маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында, «Балаларды ерте дамыту институты» РММ ұйымдастырған Zoom-конференцияға қатысты. Онда оларға ата-аналардың құқықтары мен міндеттері, балаларды балабақшаға орналастыру, аналарға мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік көмек жайлы ақпарат берілді.
Оқу-ағарту министрлігі «Балаларды ерте дамыту институты» РММ директоры Манара Адамова елімізде балалар мен аналарға мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік көмекке кеңінен тоқталып, қатысушыларға баланы дамыту және оның психологиялық жағдайына баса мән беруге шақырды.
Сондай-ақ, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігінің «Балаларды ерте дамыту институты» РММ мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту сапасын мониторингілеу және ғылыми-педагогикалық зерттеулер орталығының бас ғылыми қызметкері Сайра Жиенбаева қызметкерлерге бала тәрбиесі жөніндегі құнды кеңестерімен бөлісіп, оларды жеткіншектерді жастайынан еңбекке баулу қажеттілігі туралы айтты.
Ал заманауи IT-технологиялар құзыреті орталығының басшысы, білім беру саласындағы жүйелік әдіскер Евгений Щербатов Астанада бүлдіршіндерді балабақшаға орналастыруда қолданылатын «Indigo» қосымшасы жайлы әңгімелеп берді. Одан бөлек, іс-шара барысында республика бойынша балаларды балабақшаға орналастыратын осындай 12 қосымшаның бар екені белгілі болды. Сонымен бірге, конференция барысында ата-аналардың балаларды балабақшада орналастыру процесінде жиі жіберетін қателіктері туралы айтылды.
Қазпошта қызметкерлері аталған шарада жан-жақты ақпарат берілгендігін айтып, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.
«Ана ретінде осы Zoom-конферецияға қатысып, өзім үшін көп мағлұмат алдым. Әсіресе, балаларды балабақшаға орналастыру туралы көп ақпарат ұсынылды. Осындай іс-шараны өткізген ұйымдастырушыларға, бізге құнды мағлұматтар берген мамандарға рахмет», - деп атап өтті «Қазпошта» АҚ стратегиялық департаментінің бас менеджері Динара Смағұлова.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
155
08 декабря 15:39
Сотрудник АлЭС выиграл квартиру в финале проекта «Ең мықты»