Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Ел іші – өнер кеніші» дейтін бар еді. Біздің төрт мың адамдық ұжымның ішінде де сондай сегіз қырлы бір сырлы жандар жетіп жатыр екен. Ақпарат құралдарымыздың «Ерекше жан» деп аталатын жаңа айдарының ашылғандығы туралы хабарламаның шыққаны сол еді, жан-жақтан хабарласып жатқан ерекше жандар қатары толастар емес. Ендеше, таныс болыңыздар, жаңа айдардың алғашқы кейіпкері Ботагөз Берсүгірова.
Ботагөз Қыдырбайқызы мұнай мен газ өндіру ісінде 33 жылдық өтілі бар білікті маман, геология саласының майталманы. Еңбек жолын 80-жылдары Маңғыстау мұнайының қайнар көзі болған Жетібай кенорнынан бастаған. Өмірінің басым бөлігі Компания шежіресімен қоса өріліп келеді. Бүгінде ұлды ұяға қондырып, немере сүйген ақжаулықта әже, ардақты жар.
Қол өнерге деген құштарлығы бала кезінен оянған. Қыз күнінде анасымен бірге ағаш үй жабдықтарын даярлаумен шұғылданыпты. Апамыздың қолынан шыққан талай бау мен басқұр, алаша мен текемет бертінге дейін ағайын-туманың тігіп келген киіз үйлерінің көркін келтіріп тұрған-ды. Алайда, заман өзгеріп, тұрмыс араласқан соң ол өнер қазір артта қалды дейді. Дегенмен жаны өнерге жақын Ботагөз апа қызметі тұрақталып, қолы босңғыған осы мезгілде құр қарап отыра алмай, бос уақытын әсемдейітін сүйікті іс тауыпты – кәзір қолы қалт ете қалса, тас моншақтан кескіндеме тоқып, жаңа өнер түрін дамытып келеді.
Ендеше, тамашалаңыздар, назарларыңызға Ботагөз апаның өнері туралы дайындалған шағын бейнебаянымызды ұсынамыз.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
138
08 декабря 15:39
Сотрудник АлЭС выиграл квартиру в финале проекта «Ең мықты»