Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф сатысында елордалық «Барыс» Ресейде «Металлург» (Магнитогорск) командасымен екінші ойынын өткізді, деп хабарлайды SKnews.kz ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Кездесуде қос команда шабуылмен бірге қорғанысқа да көңіл бөлді. Нәтижесінде алғашқы екі кезеңде командалар бір-бірінің қақпасына небәрі екі шайба соқты.
Ойынның 11-минутында «Барыс» хоккейшісі Кирилл Панюков өз командасын алға шығарды. Ал 28-минутта «Металлург» сапынан Андрей Нестрашил таразы басын теңестірді.
Негізгі кезең 1:1 есебімен тең аяқталып, ойын овертаймға ұласты. Овертаймда жеңіс шайбасын Даррен Диц соғып, қазақстандық клубқа жеңіс сыйлады. «Барыс» қарсыласын 2:1 есебімен жеңіске жетті. Ойындар сериясында есеп 1:1 есебімен теңесті.
Енді 6 және 8 наурыз күндері ойындар елордада болады. Қажет болған жағдайда қосымша ойындар 10, 12, 14 наурыз күндері өткізіледі.
Екі команда бұған дейін плей-офф сатысында екі мәрте жолықты. Оның екеуінде «Металлургтің» жолы болса, біреуінде «Барыс» аталған қарсыласын қапы қалдырып кетті.
Айта кетерлігі, «Барыс» құрлық хоккей лигасына биыл 13 мәрте қатысты. Соның он бірінде плей-офф сатысында бақ сынады. 2014, 2017, 2019, 2020 жылдарда жарыстың екінші кезеңіне шықты.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
63
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
68
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы