Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Ол Ораза айт күндері су тасқынынан зардап шеккендерге қол ұшын беруге шақырды.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ел азаматтарын қасиетті Ораза айт мерекесімен құттықтап, бұл күндері сынақты күндерді бастан кешіп жатқан жұртымызға қол ұшын беріп, жүректеріне қуаныш ұялатуға шақырды.
Бас мүфтидің түсіндіруінше, "Айт" сөзі – мерекелеу, хал сұрасу, бір-бірін қуанту, қуанышқа топталу, қарымта деген мағынаны білдіреді.
"Ораза айт – отбасылық мереке. Мейрам күні сыйлық беріп, қуанышқа бөлеу – сауапты іс. Көмекке мұқтаж адамға қайырымдылық жасау да сауабы мол амалдың бірі. Өздеріңізге белгілі, еліміздің бірнеше аймағында болып жатқан көктемгі су тасқыны жергілікті ағайын-жұртты үрейлендіріп, үлкен әбігерге салуда. Үйі мен мал-дүниесінен айырылған отбасыларға мемлекетіміз тиісті көмек көрсетуде", – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.
Бас мүфтидің дерегінше, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы су басқан аймақтарға 100 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберді. Тасқын судан үйі жарамсыз қалған қолында мүгедектігі бар екі баласымен шарасыз күйге түскен жалғыз басты анаға пәтер берді. 1113 дін қызметкері ортақ іске жұмылдырылды.
"Осы ретте барша мұсылман қауымын Ораза айт күндері сынақты күндерді бастан кешіп жатқан жұртымызға қол ұшын беріп, жүректеріне қуаныш ұялатуға шақырамын. "Қайырымдылық жасасаң – қайырын өзің көресің" деп халқымыз айтқандай, ізгі істің сауабы еселініп, қайырын өздеріңіз көріңіздер", – деді ҚМДБ төрағасы.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
277
13 марта 17:18
Компании группы АО «Самрук-Қазына» удостоились ряда наград Казахстанской фондовой биржи