Главная Новости Басқармалар басылымға қарап бой түзейді
10 қараша 2020, 09:52 1874

Басқармалар басылымға қарап бой түзейді

Басқармалар басылымға қарап бой түзейді

«Самұрық-Қазына» АҚ-ның корпоративтік БАҚ клубы еліміздің бас индус- триялық холдингіне қарасты басылымдарды таныстыруын жалғастырады. Бүгін «ӨзенМұнайГаз» акционерлік қоғамының корпоративтік «Өзен» газетінің тарихы мен бүгіні жайлы баяндаймыз.

«ӨЗЕН» БАСТАУЫ

«Өзен» басылымының алғашқы саны төрт жыл бұрын, 2016 жылғы тамызда жарық көрді. Бұл – Өзен кен орнынан мұнай өндіріле бастағанына 55 жыл толған мерейлі кезең болатын. Оның үстіне басылым мұнайшылар күні қарсаңында жарық көріп, көл-көсір қуаныш қабат келген.

Жанкелді Қаржан, «Өзен» газетінің алғашқы бас редакторы:

«Компанияда корпоративтік газет шығару туралы 2016 жылы сөз қозғалды да, көп ұзамай мекеменің Жұртшылықпен байланыс департаменті айына бір мәрте «Өзен» басылымын шығаруды қолға алды. Маған редактор ретінде жауапкершілік жүктелді. Салалық журналистиканың өзіндік қызығы мен қиындығы бар. Оның үстіне, жаңа басылым жасаудың жүгі және ауыр. «ӨзенМұнайГаз» компаниясына қарасты 16 басқарманың жұмысымен таныса жүріп, бірте-бірте өндіріс тақырыбын да игеріп кеттік».

АЙТАР ОЙДЫҢ АШЫҚ АЛАҢЫ

Содан бері арада ай үзбей жарық көріп тұрған басылымның 54 саны өз оқырманына жол тартып үлгерген. Шағын бір мұрағат. Бұл аралықта редакцияда жұмыс істейтін қыз - меткерлер де, басылымның айдарлары мен жанрлары да, безендірілуі де бірнеше мәрте өзгерді. Дегенмен, басылым мақсат-мұра - тынан айныған жоқ. Ол мақсат – «Өзен - МұнайГаз» компаниясы қызметкерлерінің негізгі ақпараттық ресурсына айналып, мұнайшылардың тыныс-тіршілігімен таныстыру, олардың айтар ойының ашық алаңына айналу. Қуанарлығы – басылым бүгінде өзіне жүктелген міндеттер үдесінен шығып жүр. Газет таралымы артып, мазмұны жанр мен тақырып жағынан байи түскен. Компания қызметкерлерімен кері байланыс жақсы жолға қойылғаны сондай, мұнайшылардың өзі мақала ұсынып, ой-пікірін айтып, газеттің сапалы да, мазмұнды шығуына атсалысады. Дегенмен, негізгі еңбек пен абырой, жауапкершілік газет редакциясында екені анық. Төрт жылда Индира Сәтенбаева, Гүлсім Оспан, Жазира Ақбергенова, Айжан Насырова, Айнагүл Күшікбаева, Тоқтарбай Балтаевтар «Өзен» газетінің тасы өрге домалауына аянбай еңбек сіңірді.

Бибігүл Бөбекбай, «Өзен» газетінің бас редакторы:

«Қарапайым мұнайшылардың мәселесін шешпесең де, тыңдап, бас изеп, жанашырлық таныта білсең, ішіндегісін шығарып, мәз болып қалады. Мейірімге сусап жүрген халық бұл. Сондықтан да қарапайым ең - бек адамдарын жазуға басымдық береміз. Олардың әрбірі өз еңбегінің еленгенін, бағаланғанын қалайды. Одан қалды, еңбек өнімділігіне зиянын тигізетін мәселелерді де басылым бетінде қамтимыз. Мәселен, газетте жарияланған мақаланың арқасында №2 мұнай-газ өндіру басқармасында су ысыту қондырғысы қызметкерлерінің жұмыс орны жағдайы жақсартылды. Еңбек адамы үшін ең бастысы – осы, хабарласып, алғысын білдіргендер аз емес».

БАСЫЛЫМҒА ҚАРАП БОЙ ТҮЗЕЙДІ

Басылым бетінде жарияланатын материалдар тұрақты түрлі айдар бойынша топтасады. Олардың қатарында оқырмандар үшін орны зор «Замандас бейнесі», «Еңбек адамы», «Кәсіподақ мінбері», «Жас келсе, іске», «Өзгеріс – өндіріс өзегі», «Мәртебелі мамандық», «Алғашқылар», «Мұнайшы хоббиі», «Үкілі үміт», «Жан тану», «Мұнайшылар шығармашылығы», «Айтарым бар», «Бас редактор бағаны», «Ой түрткі» айдарлары бар.

Басылым көтерген мәселелер мен тақырыптарды тек жұмысшылар ғана емес, компания басшылығы және 16 басқарма басшылары да назардан тыс жібермеуге тырысады. Өйткені, бұл – тек компания айнасы ғана емес, басқармалар жұмысының тиімділігін бағалаудың бір тетігі де. Басылымға қарап бой түзейді, ой түзейді. Сәйкесінше, басылым да жылдам өзгеріп, дамып жатқан жаңа заман талаптарына лайық болуы шарт. «ӨзенМұнайГаз» АҚ Жұртшылықпен байланыс департаменті басылым сапасының алдағы уақытта сапа биігінен төмендемей, қайта жоғарылай беруін басты мақсат етіп отыр. Бұл ретте басылым форматына да креативтілік тұрғыда мән берілмек. Әзірге «Өзен» газетінің әр саны 3 мың таралыммен оқырманға жол тартады. Одан бөлек, басылымның электронды нұсқасы «ӨзенМұнайГаз» АҚ ресми сайтында жарияланады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: