Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
2026 жылдың жеті айының қорытындысы бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ-тың еншілес ұйымы – «Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ (БМТ) 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда электр энергиясын тұтынуды 24,3%-ға, ал табиғи газды тұтынуды 41,4%-ға қысқартты. Осы кезеңде энергия ресурстарын үнемдеуден түскен экономикалық тиімділік 1 млн 362 мың АҚШ долларын құрады.
Мұндай нәтижеге БМТ нысандарында 2025-2026 жылдары энергия тиімділігін арттыру және технологиялық процестерді оңтайландыру бойынша кешенді шаралардың жүзеге асырылуының арқасында қол жеткізілді. Жұмыстар технологиялық жабдықтарды жаңғырту мен жөндеуді, сондай-ақ өндірістік процестерді басқару тәсілдерін жетілдіруді қамтыды.
Негізгі бағыттардың бірі №2 теміржол құю-төгу эстакадасында мазутты қыздыру және құю-төгу процесін жаңғырту болды. Аталған эстакада 84 вагон-цистернаға дейін қабылдауға есептелген. Жүргізілген жұмыстар аясында энергияны көп қажет ететін мазутты құю-төгу процесі автоматтандырылды. Бұл жабдықтың жұмыс режимдерін оңтайландырып, энергия ресурстарына жұмсалатын шығындарды азайтуға мүмкіндік берді.
Жаңа шешімдерді енгізу цистерналардан мазутты қыздыру және құю-төгу уақытын 7-10 сағатқа қысқартуға да мүмкіндік берді. Бұл өз кезегінде №2 теміржол құю-төгу эстакадасының өткізу қабілетін арттырды.
Іске асырылған шаралар БМТ-ның энергия тиімділігін арттыруға, энергия ресурстарын ұтымды пайдалануға және өндірістік процестерді оңтайландыруға бағытталған жүйелі жұмысының бір бөлігі болды. Қол жеткізілген нәтижелер заманауи тәсілдерді технологиялық операцияларды басқару мен терминал жабдықтарын жаңғыртуға енгізудің нақты тиімділігін көрсетеді.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
220
11 августа 13:05
Отечественные предприятия получают гарантированный сбыт своей продукции через АО «Самрук-Қазына»