Главная Новости Батыс Қазақстан облысында «Жайлы мектеп» жобасы аясында 18 білім ошағы бой түзейді
01 наурыз 2023, 15:32 1070

Батыс Қазақстан облысында «Жайлы мектеп» жобасы аясында 18 білім ошағы бой түзейді

Батыс Қазақстан облысында «Жайлы мектеп» жобасы аясында 18 білім ошағы бой түзейді

Батыс Қазақстан облысының әкімдігінде «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасын іске асыру мәселелері бойынша кездесу өтті.

Орал қаласында жұмыс сапары барысында «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма төрағасы Мәулен Айманбетов Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Тілепберген Каюповпен кездесті.

Кездесуде жер телімдерін бөлу, инженерлік желілерді жобалау және салу, құрылыс компанияларына қойылатын талаптар, отандық жергілікті материалдар мен жабдық өндірушілердің «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасын іске асыруға қатысуы мәселелері талқыланды.

Батыс Қазақстан облысында 2023-2025 жылдары ұлттық жоба аясында 18 мектеп салу жоспарланған. Samruk – Kazyna Construction ұлттық жобаның нысаналы құрылысы жөніндегі дирекциясы бола отырып, 2024 жылы 9 мектептің, ал қалған 9 мектептің құрылысын 2025 жылы аяқтауды жоспарлап отыр.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: