Главная Новости «Батысқа сапар». Қор басшылығы өндірістік нысандар жұмысымен танысты
17 мамыр 2021, 10:30 1480

«Батысқа сапар». Қор басшылығы өндірістік нысандар жұмысымен танысты

«Батысқа сапар». Қор басшылығы өндірістік нысандар жұмысымен танысты

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасы Алмасадам Сатқалиев «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның Атырау және Маңғыстау облыстарындағы өндірістік кәсіпорындарының жұмысымен танысты, деп хабарлайды SKnews.kz «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мамырдың 12-і күні Атырау облысы әкімі Махамбет Досмұхамбетовпен кездесу өтіп, мұнай-газ, энергетика саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру мен дамыту, «ҚазМұнайГаз» еншілес кәсіпорындарының әлеуметтік-экономикалық қызметімен байланысты мәселелер талқыланды.  

Делегация біріктірілген газ-химиясы кешенінің құрылыс алаңы аумағын аралап, жедел отырыс өткізді. ҚМГ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев хабарлағандай, бүгінгі таңда полипропилен өндіретін зауыттың құрылысы 86%-дан асып түсті.

Атап айтсақ, іргетасын қалау мен бетон құю жұмыстары, сондай-ақ жерасты коммуникацияларды монтаждау жұмыстары аяқталды. Металл конструкцияларын, технологиялық құбырларды және жабдықты монтаждау жүріп жатыр. Құрылыс осы жылдың соңына дейін аяқталып, 2020 жылдың бірінші тоқсанында іске-қосу-реттеу жұмыстары басталады деп жоспарланып отыр.  Зауыт Қазақстанға жылына 500 мың тоннаға дейін полипропилен өндіруге мүмкіндік береді. 

Құрылыс алаңын аралау кезінде логистикалық нарықтың көшбасшысы – DHL компаниясының қатысуымен салынып жатқан дайын өнімнің цифрлық қоймасы таныстырылды. Полипропилен өндіру жөніндегі зауытты цифрландыру жұмыстары жайлы баяндалды. 

Делегация мүшелері тиісті инфрақұрылым нысандары – «Karabatan Utility Solutions» ЖШС-нің су дайындау және ағындарды тазарту қондырғысы, «Эйр Ликвид Қарабатан ТехГазы» ЖШС-нің қуаты 310 МВт бу-газ турбиналы электр стансасы және тығыздалған ауа мен азот өндіру қондырғысының дайындығымен де танысты.

«Самұрық-Қазына» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Алмасадам Сатқалиев «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясына Қазақстанда мұнай химиясы өндірістерін құруды одан әрі жалғастыруды тапсырды.

Атырау мұнай өңдеу зауытында өнімдердің жаңа экспорттық түрлерін шығарудың мүмкіндіктері туралы айтылды. Кезең-кезеңімен жүргізілген жаңғыртудан кейін, бүгінде АМӨЗ Нельсонның 13 индексін иемденген, жоғары технологиялық өндірістердің бірі болып табылады. Делегация зауытқа барған кезде құрылыстың 1-кезеңі 2021 жылы аяқталатын ашық үлгідегі жаңа механикалық тазарту қондырғылары (МТҚ) салынып жатқан алаңды аралады. Нормативті-тазартылған ағындардың жабық арнасын салуды және булану алаңдарын қайта қалпына келтіруді қамтитын TAZALYQ жобасын іске асыру қоршаған ортаға зиянды әсерді азайтады. Жаңа МТҚ-ны іске асырудың экологиялық тиімділігі – мұнай өнімдері буланатын 8000 м2 ашық аудандарды жою және жеке өндіріске тазартылған ағындардың 15%-ын қайтару болып табылады. Булану алқаптарын қайта келтіру ауаға, жерасты суларына, жергілікті флора мен фаунаға кері әсерді болдырмауға мүмкіндік береді.

Мамырдың 13-і күні Атырау қаласында «Теңізшевройл» ЖШС басшылығымен кездесу өтіп, онда мұнай өндіруді арттыру бойынша ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысы таныстырылды. 

«Ембімұнайгаз» АҚ-да өткен жиналыста өндірістік және әлеуметтік-экономикалық қызмет, қызметкерлерді вакциналау мәселелері талқыланды. Қонақтарға компанияның цифрлық трансформациялау бойынша жеке жаңа жобалары да көрсетілді. Ақпаратты жинау мен өңдеудің инновациялық тәсілдерін енгізу шығындарды азайтып, инвестициялардың тиімділігін арттыруды қамтамасыз етті. «Интеллектуалды кен орны» жобасы мұнайшылар арасында жоғары баға алды.   

Мамырдың 13-і күні Ақтау қаласында Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трумовпен кездесу өтті. Өндірістік және инвестициялық жоспарларды іске асыру мәселелері «Маңғыстаумұнайгаз» және басқа да кәсіпорындардың басшыларымен талқыланды.

Ағымдағы қызмет жөніндегі жұмыс жиналыстары «Caspi Bitum» БК» ЖШС, Ақтау теңіз сауда портына, «Қазақтеңізкөлікфлоты» ЖШС мен «Құрық порты» ЖШС-не барған кезде де өткізілді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: