Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
2019 жылдың 6 айында жол үстіндегі малды немесе адамды басып кетпеуі үшін локомотив бригадалары 2200 рет жедел тежегішті басқан. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13% жоғары.
Ағымдағы жылдың басынан теміржолшылар тұрғындармен 2 мыңнан аса алдын алу әңгімелесулерін өткізген. Теміржол маңында өзін ұстау ережелері туралы ақпаратты 22 мыңнан артық адам тыңдаған. "Алайда ахуал көңіл көншітпей тұр" дейді "ҚТЖ-Жүк тасымалы" компаниясының мамандары.
Ағымдағы жылдың бірінші жартысында "ҚТЖ" ҰК" АҚ аумақтық көлік бақылау органдары, полиция мен көліктік прокуратура өкілдерін шақыра отырып, алдын алу іс-шаралары шеңберінде 100 аса үйлестіру кеңесінің отырысын ұйымдастырған. Ірі теміржол вокзалдары ғимараттарында жолдан өту ережелері жөніндегі бейнероликтер көрсетілуде екен. Дауысзорайтқыштар арқылы келген және өтіп бара жатқан пойыздар туралы ақпараттар жариялануда.
Теміржолмен жапсарлас телімдер мен станция аумақтары адамдардың жолдың үстіне шығып кетпеуі үшін құрылғылармен қоршалған. Осылайша, 290 шақырымнан астам магистральдық жол қоршалған. Соңғы жылдары теміржол бойына малдардың шығып кетпеуі үшін 2400 шақырым сым қоршау орнатылып, жөнделгені 6644 шақырым болып отыр. Толықтай алғанда, жыл сайын 300 шақырымнан астам шарбақ тұрғызылуда. Барлығы малдың жолға шығып кетпеуі үшін 6890 шақырымнан астам шарбақ бар екендігі хабарлануда.
Жол жүргенде көру қиындаған жағдайда (тұман, жауын және өзге де), қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін пойыз машинистері, елдімекендерге жақындаған кезде ескерту дабылдарын береді және пойыз жылдамдығын төмендетеді.
"Теміржолды тек тиісті және жарақтандырылған орындардан ғана, онда да рұқсат дабылы берілген кезде немесе жақындаған пойыздың жоқтығына көз жеткізген кезде ғана кесіп өтуге болады", - дейді сала сарапшылары.

10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
69
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
78
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы