Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Қызылорда магистральдық желі бөлімшесіне қарасты Қазалы белгі беру және байланыс дистанциясының теміржолшылары пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін арттыру мақсатында байланыс құрылғыларына ағымдық күтім жасауға айрықша мән береді.
Күнделікті ағымдық күтімге дейін бірнеше рет арнайы құрылғылармен белгілі мамандар тарапынан тексеріліп, технологиялық талап деңгейіне келтіру – олардың күнделікті атқаратын жұмысы.
Міне, бүгін де инженер Жанболат Досжановтың басшылығымен Талғат Асанов, Жаслан Нұржаубаев, Сержан Әбдаменов, Ербосын Сұлтанов, электромонтер Толқынбек Жалғасбаев электрлі жетек күтімін жасап, тетіктерінің толық жұмыс жасап тұрғандығына көз жеткізуде. Олар электрлі жетек қозғалтқышының қуат кернеуінің 220 вольт болуын, жетектің бағыттамалық бұрманы ашып-жапқан кезде кідіріссіз жұмыс жасауын, жұмыс кезінде қуат күшінің жоғалмауын бірнеше мәрте диспетчерлермен рация арқылы хабарласып, тексеруден өткізді. Жетек бекітпелері, монтаж желілері, жетектің қорғаныш қақпағы, изоляциялық қорғаныш төсемелерінің беріктігі тағы бір мәрте бақылаудан өткізілді. Тексеріс барысында электрлі жетектің толық жұмыс жасап тұрғандығына көз жекізілген соң келесі нысанға өтті.
«Байланыс құрылғыларының қалыпты жұмыс жасауы ағымдық және күнделікті күтім жұмыстарының нәтижесіне байланысты. Бүгін станциялық жолдың солтүстік алқымындағы электрлі жетектің қалыпты жұмыс жасауын тексерістен өткіздік, жетек толық жұмыс жасап тұр», – деді инженер Жанболат Досжанов.
Сабырхан Сейілбекұлы
Дереккөз: Қазақстан теміржолшысы
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
51
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы