Главная Новости Байланыс саласындағы 165 жыл
22 маусым 2021, 10:49 664

Байланыс саласындағы 165 жыл

Байланыс саласындағы 165 жыл

Асылбековтер әулетінің «Қазақтелекомдағы» жалпы еңбек өтілі биыл 165 жылға жетіп отыр.

Әлия Алмасова – «Қазақтелеком» АҚ Ақпараттық жүйелер дирекциясының сатылымдар жөніндегі маманы. Ол байланысшылар әулетіне келін болып түсіп, өзі де осы мамандыққа адалдық танытты. Асылбековтер әулетінің алты мүшесі ғұмырын еліміздің байланыс және телекоммуникация саласын дамытуға арнаған. Әулеттің «Қазақтелекомдағы» жалпы еңбек өтілі биыл 165 жылға жетіп отыр!

«Қазақтелекомда» 8 жылдан бері жұмыс істеп келемін. Атам мен енемнің екеуі де кәсіби білікті маман. Олар үнемі осы мамандықтың маңызы жайлы айтқанды ұнатады. Мен де оларға еліктеп, сол кісілердің ізімен жүріп келемін. Тұңғыш ұлымыз да Асылбековтер еңбек әулетінің дәстүрін жалғастыруда. Оның таңдауы – ҚР Қарулы Күштерінің байланыс офицері қызметі, мен оны мақтан тұтамын», – дейді Әлия.

Компанияда Әлия тікелей жұмыс істейтін корпоративтік клиенттерден жиі алғыс хат келіп тұрады. Мысалы, жуырда ғана, кәсіби мереке - Байланыс және ақпараттандыру қызметкерлері күніне орай «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Әлияны құттықтап хат жолдады.

«2012 жылдан бері біз «Қазақтелекомның» филилалы ақпараттық жүйелер дирекциясының қызметін тұтынып келеміз. Ұсынылатын қызметтер жұмысымызды айтарлықтай жақсартты. Оңтайлы сервистердің бірі – ISMET. Онда шартқа қол қойған өте ыңғайлы, бұл әсіресе карантин кезінде көп көмегін тигізді. Әлия – біздің компаниямызбен тікелей жұмыс істейтін тіркелген маман. Ол қашанда міндетін дер кезінде атқарады, сол үшін оған алғыс білдіреміз», – делінген хатта.

Әлия компанияда табысты еңбек етіп, белді маман болуы үшін, ең алдымен өз жұмысыңды сүюің керек деп санайды. Әлия әріптестерін үнемі ізденуге, шыққан биігінде тоқтап қалмай, алдына жаңа мақсаттар қойып, соған жету үшін ұмтылуға шақырады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: