Главная Новости Белсенді азаматтық ұстаным
27 тамыз 2022, 08:30 1968

Белсенді азаматтық ұстаным

Белсенді азаматтық ұстаным

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ мәжіліс залында өңірге танымал «Риза-Ана» қоғамдық қоры қызметкерлермен «Жұмысшы жастар арасында белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру» тақырыбындағы кездесуін өткізді.

Шара барысында Қор директоры Бибігүл Дүйсеғалиқызы Рамазанова Компания қызметкерлеріне мемлекеттік бағдарламалар туралы және жастар саясаты төңірегіндегі жағымды жаңалықтар туралы баяндап берді. Бибігүл Дүйсеғалиқызының айтуы бойынша елімізде жастар арасында белсенді азаматтық ұстанымды қалыптасруға бағытталған шаралар өте көп. Алайда жергілікті жерлерде олардың лайықты түрде насихатталмай қалуына байланысты жұртшылық олардан бейхабар болып жатады. Осы орайда, «Риза-Ана» қоғамдық қоры осы олқылықты жою үшін іс-шаралар жоспарын жасақтап, жас мамандармен тікелей жұмыс жасауды алдына мақсат етіп қойып отыр.

Сонымен қатар, кездесу барысында Компания мамандарына арнап жасақталған Қордың жұмыс жоспары таныстырылды. Мәселен, тамыз айында Шерқала тауы бағытында танымдық тур-слет ұйымдастыру көзделіп отыр. Ол жерде жастардың жаңа қырынан танылуына ықпал ететін шаралар дайындалған. Одан бөлек, алдағы уақытта жастарға арналған түрлі оқу курстары мен тренингтер ұйымдастыру жоспарланған.

Кездесуге қатысқан қызметкерлер де осы орайда өз ойларын жеткізіп, қажеттіліктерін алға тартты. Мамандар заман талабына сай жаңа технологиялар мен кәсіп түрлерін үйрететін қолжетімді оқу курстарының тапшы екенін тілге тиек етті. Қор қызметкерлері болса Компания жастарының бұл ұсыныстарын ескеріп, алдағы уақытта мамандандырылған шараларды ұйымдастыруға жұмыстанатынын жеткізді.

Жастармен жұмыс, мұнайшылардың тек жақсы маман болып қана емес, белсенді азамат болып қалыптасуына жол ашу Компания көздеген мақсаттардың бірі. Осы орайда 2014 жылы Компания қабырғасынан «Жас мамандар кеңесі» де құрылған болар. Бір ортаға тоғысқан мамандар Компания құндылықтарын насихаттай жүріп, бір қатар игі істердің бастамашысы болып келеді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: