Главная Новости Берік қарым-қатынас – бірлік бастауы
11 қараша 2022, 12:00 1040

Берік қарым-қатынас – бірлік бастауы

Берік қарым-қатынас – бірлік бастауы

«Қаражанбасмұнай» АҚ құрылымдық бөлімшелер басшылары мен өндірістік басқарма, сондай-ақ Кәсіподақтар төрағалары мен цех комитеттері компания ішіндегі стратегиялық коммуникациялар және тиімді өндірістік қатынастар саласындағы дағдыларын нығайтты.

Оқыту курсы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ және «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ өкілдерінің қатысуымен Зеренді ауылында өтті.

Мұнайшылар коммуникациялық менеджменттің маңыздылығын және оның компания қызметінің нәтижелілігіне әсерін талқылады. Сондай-ақ, экономика, қаржы, экология, кадр және әлеуметтік мәселелерді шешу тақырыбын қозғады.

Қатысушылар практикалық тапсырмаларды орындай отырып, берілген тапсырмаларды оқыту барысында үйренген әртүрлі әдістермен шешті.

Осылайша компания қызметкерлері барлық бағыттар бойынша жұмыс тиімділігін арттыратын стратегиялық өзара іс-қимыл құралдарын пайдаланып, өз дағдылары мен қызығушылығын дамытты. Оқу аяқталғаннан кейін қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: