Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Алғыс айту күнінде бейбіт күннің батырларына «ADAM BOL AWARDS» сыйлығы табысталды. Сарапшылар кеңесінің іріктеуінен өтіп, көп дауыс жинаған 12 кандидаттың бірі – «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Адам ресурстарын басқару департаментінің еңбекті ұйымдастыру жөніндегі жетекші инженері Ардақ Байманасов. SKnews.kz Munaily meken сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың әлемге танылған қара сөздерінде «Адам бол» сөзі жүз жыл өтсе де өзекті болып қала береді. Ал, бүгінгі қоғамда қысылтаяң сәтте біреуге көмекке келуге дайын тұратын мұндай сергек азаматтар көп кездесе бермейді. Олардың ерлікке пара-пар әрекеті мен жедел қимылының арқасында қаншама адам ажалдан аман қалды. Ардақ Байманасовтың жасаған ерлігі екінің бірінің қолынан келмейді.

Бұл тосын оқиға 2019 жылдың желтоқсанында түнгі сағат үш шамасында, 11 шағын аудандағы үйлердің бірінде болған еді. Шырт ұйқыда жатқан Ардақты қолқа атар түтіннің ащы иісі оятты. Үйдің ішін тексеріп, алаңдайтын еш себеп жоғына көзі жеткен ол біраздан соң түтін иісінің күшейе түскенін аңғарады. Терезеден көрші пәтердің өртке оранып жатқанын көріп шұғыл өрт сөндірушілер мен жедел жәрдемге хабар береді. Мүдірместен далаға шыққан Ардақ алғаш болып келген үш полиция қызметкерлерімен бірге өрт шыққан пәтерден шырт ұйқыда жатқан үш адамды оятып, далаға алып шығады. Сол арада өрт сөндіру қызметі де жетіп, тілсіз жауды ауыздықтайды. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіледі. Аман қалуларына себепкер болған Ардаққа көршілері дән риза.

Осындай шешуші сәтте абдырап қалмай, лезде дұрыс шешім қабылдаған әріптесіміздің бүгінде ерлігі еленді. Алматы төріне арнайы шақыртылып Бірінші ауқымды отандық сыйлық алды. Ардаққа ADAM BOL AWARDS жүлдесін боранды күні Қостанай трассасында кептеліп қалған автокөлік колоннасына жаяу жүгіріп жол көрсеткен полиция лейтенанты Амантай Байжанов табыстады. Амантай Байжановтың бұл кезекті ерлігі болса керек, бұған дейін ол 15 адамды өрттен аман алып қалған. Осындай ерлік істерімен айналасына үлгі болар отандастарымыздың қатары көбейе бергей!
Лаура Жолдыбаева
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
53
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
59
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы