Главная Новости Бейжің Транскаспий халықаралық теміржолын дамытуға мүдделі
02 шілде 2024, 12:39 244

Бейжің Транскаспий халықаралық теміржолын дамытуға мүдделі

Бейжің Транскаспий халықаралық теміржолын дамытуға мүдделі

Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин алдағы мемлекеттік сапар алдында Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдарына арнап жазған авторлық мақаласында Бейжіңнің Транскаспий халықаралық теміржолын дамытуға мүдделі екенін жеткізді.

«Сауда-экономика, өнеркәсіп, инвестиция, энергетика, тау-кен өнеркәсібі және ауыл шаруашылығы сияқты дәстүрлі салалардағы ынтымақтастықты ұлғайту, шекаралық өткелдердің өткізу қабілетін арттыру, Қытай-Еуропа жүк пойыздарына қызмет көрсетуді жақсарту және көлік қатынасының кең әрі жоғары тиімді желісін жақсарту үшін Транскаспий халықаралық теміржолының құрылысын дамыту қажет», - деп жазды Си Цзиньпин.

Мақалада Қытайдың Қазақстанда жұмыс істеп тұрған мәдени-гуманитарлық нысандарының рөлін айқындау қажеттігі айтылған.

«Халықтарымыз тамыры тереңге тартатын достыққа мүдделі. Оны сақтап дамыту үшін екі халықтың жақындығын арттыруға бағытталған мазмұнды мәдени-гуманитарлық байланыс қажет. Лу Бань шеберханасының, Конфуций институттарының, Қазақстандағы Қытай Солтүстік-Батыс политехникалық университеті филиалының рөлін айқындап, екі ел арасындағы достықты лайықты жалғастырушыларды тәрбиелеген жөн», - деді Қытай басшысы.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: