Главная Новости Big Data: «Қазақтелекомның» цифрлық жобалары
15 ақпан 2021, 09:44 1117 Нұрболат Аманжол

Big Data: «Қазақтелекомның» цифрлық жобалары

Big Data: «Қазақтелекомның» цифрлық жобалары

Қазақстан кәсіпкерлерін қолдауға арналған Samruk Business Forum форумында Мемлекет басшысына «Қазақтелекомның» Big Data-талдау платформасындағы цифрлық жобалары таныстырылды.

Солардың бірі – мобильді байланыс абоненттерінің жеке дерегінсіз ақпараттары негізінде елдегі ішкі көші-қонды бақылау жүйесі. Осы жүйе Алматыда 2020 жылғы карантин кезінде адамдардың қимыл-қозғалысын Covid-19 індетінің таралу статистикасымен салыстыра отырып, алдағы уақытта індет өршуі мүмкін аудандарды анықтауға мүмкіндік берді. Бұның қала билігіне нақты шаралар енгізу кезінде көп көмегі тиді. Кейіннен жүйе адам көп жиналатын жерлердегі бейнебақылау жүйесіне жалғанды. Мысалы, жаңа жүйенің арқасында Алматы көлігінде жолаушылардың маска тағу көрсеткіші 45 пайыздан 65 пайызға жетті.

«Осындай шешімдерді адам көп жиналатын өзге жерлерде де қолдануға болады. Қазір платформа Қарағанды облысындағы 39 медицина мекемесінде және Көкшетаудағы автобус желісінде қолданылып отыр. Жоба компаниямыз бірнеше жылдан бері негізгі акционеріміз «Самұрық-Қазына» қорының саясаты аясында іске асырып келе жатқан жұмыстың бір бөлігі болды», — деді «Қазақтелеком» басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев.

Форумда көпке таныстырылған Big Data негізіндегі тағы бір жоба – фискал деректер операторы жүйесі болды. ФДО-талдау орталық және жергілікті билікке азық-түлік пен дәрі-дәрмек күрт қымбаттаған жағдайларды анықтап, дер кезінде нақты шара қолдануға мүмкіндік береді.

«Фискал деректердің төленген салық статистикасынан бір ерекшелігі сол, ол қаладағы бизнестің экономикалық іс-әрекетін егжей-тегжейлі талдауға мүмкіндік береді. Қазір ФДО жобасы бүкіл Қазақстанда қолданылады: салық төлеушінің әрбір фискалдық чегі талданады. Бұл – Big Data-ны ұлттық деңгейде қолданудың айқын мысалы», — деді Қуанышбек Есекеев.

Мемлекет басшысына темекі өнімдерін таңбалау және бақылау жүйесі таныстырылды. Бұл жүйе әр тауардың өндірушіден тұтынушыға дейінгі жолын DataMatrix-код арқылы түгел бақылауға мүмкіндік береді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: