Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Шахмардан Есенов атындағы университет түлектеріне салтанатты түрде диплом табыстау рәсімі өтті. Бұл күннің «Қаражанбасмұнай» АҚ үшін маңызы зор. Өйткені кен орнында тәжірибеден өткен алғашқы қарлығаштар оқуын тәмамдады. Түлектер дипломмен қатар еңбек кітапшасын да алды, деп хабарлады «Қаражанбасмұнай» АҚ баспасөз қызметі.
Осы оқу жылында университет пен ҚБМ арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылып, оның аясында Шахмардан Есенов атындағы университет пен колледж студенттерін өндіріске аса қажетті, сұранысқа ие бес мамандық түрінен тәжірибеге бағытталған оқыту бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Студенттер 5 ай бойы кен орнының цехтерінде теориялық білімін бекітіп, тәжірибе жинады. Компания басшылығы бітіруші түлектерді құттықтап, жылы лебізін білдірді.
«Компания мен университет арасындағы ынтымақтастық үлкен нәтиже беріп жатыр. Бүгін біз студенттердің өсіп-жетіліп, дайын маманға айналғанын көріп отырмыз. Оқытушылар мен түлектерді осынау маңызды күнмен құттықтаймыз! Үлкен өмірге аттаған қадамдарыңызға сәттілік тілейміз!», – деді персоналмен жұмыс және еңбекақы төлеу департаментінің директоры Ғибрат Ауғанов.

Қаражанбаста бес мамандық бойынша 10 студент тәжірибеден өтті. Оның ішінде 3 курстың 4 студенті оқуын жалғастырып жатыр. Қалған 6 түлек жоғары білім туралы диплом мен мұнай өндірісіндегі қазіргі жұмыс тәжірибесі жазылған еңбек кітапшасын, оған қоса ҚБМ басшыларының ұсыным хатын алды. Бұл болашақта жас мамандардың жұмысқа орналасуына көмектеседі.
«Бүгін біз үшін ерекше күн. Біз тек университеттен ғана емес, сонымен қатар, бізге баға жетпес тәжірибе берген Қаражанбастан да түлеп ұшамыз. Мен өз мамандығымның қыр-сырын толық меңгергендіктен, жұмысқа оңай кірісе аламын деп ойлаймын. Өйткені еліміздің жетекші мұнай өндіру компанияларының бірінде тәжірибеден өткенімді мақтан тұтамын», – деді Ш. Есенов атындағы университет түлегі Бүркіт Нұртасұлы.

Айта кету керек, Маңғыстау облысында мұнай өндіру компаниясы базасында тәжірибеден өту жобасы алғаш рет жүзеге асырылды. ҚБМ білікті жас мамандарды даярлауға жағдай жасап, келесі жылы тәжірибеден өтуші студенттер санын көбейтуді жоспарлап отыр.
345
27 апреля 12:01
Алатау Жарық Компаниясы: қауіпсіздік технологиялар бақылауында
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
217
04 мая 12:07
ТХКБ халықаралық көлік дәлізінің маңызды бөлігі жаңғыртылды