Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармасында «Брейн-ринг» интеллектуалдық ойыны өтті. Сайысқа №1,2,3 мұнай және газ өндіру, мұнай айыру және өткізу, қабат қысымын ұстау, пайдаланыстағы жабдықтарды прокаттау, жөндеу цехынан құрылған 6 команда қатысты.
Білімділер сайысы мұнайшылардың ойлау қабілетін дамытып, ізденіске дағдыландыру, сонымен қатар ұжым арасындағы ынтымақты арттырып, бірігуге үндейді.
Зияткерлік ойын алты турға есептелген. Әрқайсысында бес сұрақтан түрлі Қазақстан тарихы, спорт, кино, логика және басқа тақырыптар қамтылды.
Жетібайдың мұнайшылары жоғары білім деңгейімен ерекшеленді. Командалар әр ұпай үшін бәсекелесіп, сайыс көрігін қыздыра түсті. Нәтижесінде жеңімпаздар мен жүлдегерлерді қосымша раундта анықтауға тура келді.
Осылайша, ең үздік команда атағы №3 мұнай және газ өндіру цехының зияткерлеріне берілсе, жүлделі 2-орынды пайдаланыстағы жабдықтарды прокаттау, жөндеу цехының мұнайшылары иеленді. Мұнай айыру және өткізу цехының қызметкерлері жеңіс тұғырының үшінші сатысына тұрақтады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар, ақшалай сертификаттар және кітаптар жиынтығы табысталды.
Зияткерлік сайысқа қатысушылар мұндай ойындар білім қорын толықтырып, логикалық ойлауды дамытуға сеп болатынын, сонымен қатар ұжымды біріктіруге, пікірлестерді табуға, команда мүддесі үшін намысқа тырысуға ықпал ететінін атап өтті.
Сайыс соңында мұнайшылар алдағы уақытта да білімділер жарысының тұрақты өтуіне тілектестік танытып, ойын алаңына қосылатын өзге де цехтардың қатысушыларын күтетінін жасырмады.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
279
13 марта 17:18
Компании группы АО «Самрук-Қазына» удостоились ряда наград Казахстанской фондовой биржи