Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
17-18 қазан күндері Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына ресми сапармен барады. Бейжіңде ол ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин бастаған бірқатар лауазымды тұлғалармен кездесіп, келіссөз жүргізеді және «Бір белдеу, бір жол» бастамасының III форумына қатысады.
Биыл «Бір белдеу, бір жол» бастамасына 10 жыл толады. Қытай Сыртқы істер министрлігі баспасөз мәслихатында форум туралы ақпарат берді. Өзара байланысты нығайтуға негізделген «Белдеу және жол» бастамасы әлемдік экономика үшін жаңа ынтымақтастық платформасын құруды мақсат етеді және бұл бастама әлем елдерінің дамуы мен жаһандық экономикалық өсуді ынталандыру арқылы кеңінен қабылданған. Бұл форум бастаманың 10 жылдығын атап өтуді ғана көздемейді, сонымен қатар тараптар үшін «Белдеу мен жол» құрылысының сапалы жүргізілуі туралы пікір алмасудың маңызды алаңы болады.
Форумға әлемнің 130 елінен өкілдер келеді деп күтілуде. Форумның бірінші іс-шарасы 2017 жылы, екіншісі 2019 жылы ұйымдастырылған болатын. «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясында құрлық пен теңіз бойынша Азия, Африка және Еуропа елдерін біріктіретін көлік дәліздерін дамытудың стратегиялық жаһандық жобалары ұсынылады. Соның аясында елдер арасындағы экономикалық қана емес, мәдени де байланыстарды нығайту көзделеді. Бұған дейін осы бастаманы бірлесе жүзеге асыруға әлемнің 150 елі мен 30 халықаралық ұйым келісім жасаған.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
100
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
106
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы