Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Отандық FlyArystan лоукостері 2020 жылы 1,5 миллион жолаушыны тасымалдады. Авиация саласындағы жаһандық құлдырауға қарамастан, FlyArystan Қазақстан бойынша әуе сапарларына төмен баға ұсына отырып, қарқынды өсуді жалғастырды. Осылайша, операциялық қызмет басынан бері, яғни 2019 жылдың мамыр айынан бастап әуе компаниясы 2,2 миллионнан астам жолаушыны тасымалдаған болса, 2021 жылы 3 миллионнан астам жолаушы тасымалдауды жоспарлап отыр.
Лоукостер қызметін 10 ай ішінде 1,5 миллион жолаушы пайдаланды. Бұл ретте Сovid-19 пандемиясына байланысты 2020 жылы 2 айдай әуе сапарлары орындалмағанын айта кету керек. Орындардың жартысынан астамы 10 мың теңгеге дейінгі бағаға сатылған. Рейстер орындала бастағаннан бері олардың орташа жүктеме коэффициенті 87% құрап, ал рейстерді уақытылы орындау көрсеткіші 90%-дан асты. Өткен жылы FlyArystan бағыттар санын көбейтіп, енді тасымалдаушының бағдарлар желісінде Қазақстанның 14 қаласы мен 28 бағыты бар.
Операциялық қызметтің екінші жылында бюджеттік тасымалдаушының әуе флоты екі есе артып, 7 ұшақты құрады. Ал 2021 жылдың бірінші жартысында Airbus A320 маркалы 10 лайнерге дейін әуе паркті кеңейту жоспарланып отыр. Алматы, Нұр-Сұлтан мен Атыраудағы бекеттерге қосымша, FlyArystan өңірлік рейстерді дамытуға аса көңіл бөлді. Осылайша, 2021 жылы лоукостер ұшақтары Шымкент пен Ақтаудан да орындйтын рейстер санын арттыруды жоспарлап отыр.
«Бұл баршамыз үшін қиын жыл болды, ол біздің болмысымыз бен өмірімізді өзгертті. Алайда 2020-да көптеген жағымды өзгерістер де болды. Қазақстандықтар ел ішінде жиірек саяхаттай бастады және бағдарлар желісінің кеңеюі арқасында халқымыз қалалар арасындағы ара қашықтықты азайтты. Алғашқы болып Түркістанға рейстер ашып, әуе паркті ұлғайту есебінен ең төменгі тарифтер бойынша одан да көп билеттер ұсындық, – деп FlyArystan коммерциялық директоры Жанар Жайлауова жыл қорытындысымен бөлісті. – Сонымен қатар біз жолаушылар ыңғай үшін біз мобильді қосымшаны іске қостық, Halyk Bank-пен бірлесіп билеттерді бастапқы жарнасыз несиеге рәсімдеу қызметін ұсындық. Бұдан былай сапарды алдын ала жоспарлап үлгермеген, соның салдарынан арзан билет ала алмаған немесе отбасының сапары үшін толық соманы бірдей төлей алмай жатқан отандастарымызға, баруға тиісті сапарлардан бас тартпаңыздар дегіміз келіп отыр. Мобильді қосымша немесе flyarystan.com сайты арқылы 4000 теңгеден басталатын билеттерді 3-60 ай аралығында бөліп төлеңіздер».
2021 жылы FlyArystan тарифтерді төмендетуді жалғастырып, жолаушыларды OTP (рейстерді уақытылы орындау) үздік көрсеткіштерімен қуантып, 14-тен астам жаңа бағытты іске қосып, әуефлотты 3 ұшаққа ұлғайтпақ.