Главная Новости Бір жылда 800 вагон құм жөнелтілді
10 наурыз 2022, 11:00 1475

Бір жылда 800 вагон құм жөнелтілді

Бір жылда 800 вагон құм жөнелтілді

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Батыс аймақтық филиалына қарасты Шұбарқұдық станциясының іргесі Атырау-Қандыағаш темір жол құрылысы кезінде қаланған. Теміржол желісі Атырау мен Орск жолдарын байланыстырады.

Бірнеше тармақ жолдың түйіскен торабында орналасқан Шұбарқұдық станциясында қашан да қызу тірлік. Отыздан аса теміржолшысы бар станцияда тек жергілікті өңір халқы еңбек етеді. Станция бастығы Алтай Абдуллиннің айтуынша, Станция тақ және жұп пойыздарды қабылдау мүмкіндігі бар, жеткізілетін жүктердің дені – құрылыс заттары. 2021 жылы Шұбарқұдық станциясынан 367 вагон жүк түсірілген болса, оның басым бөлігі – құрылыс материалдары. Тұрмыстық қажеттілік үшін 7 вагон көмір түсірілген.

«Өткен жылы станция аумағында 262 вагон қиыршық тас түсірілді. Түрлі блоктар, цемент, тас секілді түрлі құрылыс материалдарын түсіру жұмыстары, құм тиеп, жөнелту жұмыстары жоспарға сай ұйымдастырылды. Бір жыл ішінде ел аумағына 800 вагон құм тиеліп жөнелтілді», – дейді Алтай Абдуллин.

Айта кетерлігі, Шұбарқұдықтың табиғаты басқа өңірлерге қарағанда біршама қатал, қысы қарлы боранды және ұзақ болады. Бүгінгі таңда станциялықтар қар тазалау жұмыстарына жиі шығып, станция жолдарымен қоса жолаушы пойыздары тоқтайтын жолдарды перронды мұздан тазартып тұрады.

Станция ғимараты күтімді, таза, бөлмелер жақсы жабдықталған, түрлі нұсқаулар, қозғалыс қауіпсіздігі, стандартты емес жағдайда қауіпсіздіктің сақталуы, т.т. стендтер ілініп, толық ақпараттандырылған. Техникалық сабақтар апта сайын өтеді. Қоғаммен тығыз байланыста жұмыс істейтін теміржолшылардың дені коронавирус індетіне қарсы екпе алған.

«Елдегі пандемия жағдайында аурудан қорғанудың жалғыз жолы – вирусқа қарсы екпе алу, ұжымдық иммунитет қалыптастыру. Денсаулығына байланысты екпе ала алмай жүрген 2-3 адам бар. Қалған теміржолшы- лардың барлығы вирусқа қарсы екпе салдырды», – дейді станция басшысы.

Айта кетейік, өткен жылы ақтөбеліктер Маңғыстау және Қызылор- да облыстарындағы қуаңшылыққа байланысты көмек қолын созу жұмыстарын осы Шұбарқұдық станциясы арқылы ұйымдастырды.

Ардақ Ерубаева

Дереккөз: «Қазақстан теміржолшысы»

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: