Главная Новости Бірінші тоқсанда 30 млн тонна көмір өндірілді
28 сәуір 2022, 14:11 1529

Бірінші тоқсанда 30 млн тонна көмір өндірілді

Бірінші тоқсанда 30 млн тонна көмір өндірілді

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,7%-ға артық.

Өндірілген көмірдің 16,7 млн тоннасы энергетикалық компанияларға, 2,2 млн тоннасы өнеркәсіптік кәсіпорындарға жөнелтілді. Коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге және халыққа 2,4 млн тонна көмір тиелді. Көмір экспорты 8,6 млн тоннаны құрады. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Облыстар мен қалалар әкімдіктерінің деректері негізінде ИИДМ 2021-2022 жылдарға арналған коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер мен тұрғындар үшін көмір өнімдерінің қажеттілік жоспарын қалыптастырған.

Жоспарға сәйкес, осы кезеңде тұтыну көлемі 9,336 млн тоннаны құрауы тиіс (коммуналдық-тұрмыстық секторға – шамамен 3 млн, халық үшін – 6,3 млн тонна). Жергілікті атқарушы органдардың мәліметтері бойынша, өңірлерден 9,338 млн тонна көмір әкелінді. Яғни, жоспарланған көлемнің 100%-ы.

Келесі жылыту маусымына дайындық үшін министрлік 2022-2023 жылдарға арналған ұқсас жоспарды әзірледі. Құжат барлық облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктеріне жіберілді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: